Қ.М. Баһадырұлы. Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде. Тар. ғ. д… авторефераты

Қ.М. Баһадырұлы. Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде. Тар. ғ. д… авторефераты

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан аймағында көлемі жағынан ең ірі ортағасырлық қала Отырар болып табылады. Зерттеу жұмысында Отырардың ортағасырдағы тарихы аңыз әңгімелер, жазба және археологиялық деректер негізінде қарастырылады. Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы, елді мекендері, керуен жолдарының бағыттары, Отырардың ерте ортағасырдағы, ортағасырдың орта беліндегі, кейінгі ортағасырдағы археологиялық белгілері жазба мәліметтермен, аңыздармен салыстырыла отырып, әр кезеңдегі саяси тарихы, қолөнері, егіншілік пен ирригациясы, сауда-саттығы, мәдениет пен наным-сенімдері сипатталады. Көп ғасырлық тарихы бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырап босап қалу себептері көрсетіледі.