Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Х. Табылдиев атындағы Каспий маңы өлкесінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының директорымен кездесу


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қоғаммен байланыс жөніндегі директорының орынбасары т.ғ.к., доцент Ә.Қ. Шашаев және т.ғ.к. ЖҒҚ, асс. профессор А.С. Уалтаева Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы «Х. Табылдиев атындағы Каспий маңы өлкесінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапанов Сейфуллин Жұмабайұлымен «Қазақстан халқы интерактивті ғылыми тарихи картасын талдамалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» мемлекеттік тапсырмасы бойынша ғылыми іс-сапар шеңберінде кездесті.

Институт жақында ғана құрылған, оның барлық Каспий маңы мемлекеттерінің тарихын, археологиясы мен этнологиясын дамыту мен зерттеуде ғылыми келешегі зор. Екі мекеме арасындағы ғылыми ынтымақтастық Рухани жаңғыру, Архив – 2025, Ұлы даланың жеті қыры, Қазақстанның киелі географиясы мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде дамитын болады. Каспий маңы мемлекеттері мен Атырау облысының аумағында, көптеген киелі орындар атап айтқанда, пұтқа табынушы және зороастрлық, сондай-ақ Қазақ хандығының тарихы сынды қазақстандық бірегейліктің негізін құрайтын біздің мұраларымыз бар. Сондықтан бұл ынтымақтастық, ең алдымен, еліміздің жастары үшін қажетті. Бұл бірлескен ғылыми жобалар мен шығармашылық ізденістерге алып келеді