Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен меморандум


«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын «Аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» мемлекеттік тапсырмасы бойынша ғылыми іс-сапар аясында институт директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары т.ғ.к., доцент Ә.К. Шашаев пен ЖҒК., т.ғ.к. асс. профессор А.С. Уалтаева Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ильясова Жанар Оразқызымен кездесті. Екі мекеме арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Облыс этностарының өкілдерімен кездесіп, оларға «Қазақстан халқы «интерактивті ғылыми тарихи картасы таныстырылды.

Достық үйінде облыстың 20 этномәдени бірлестігінің орталықтары орналасқан. Олардың ішінде ең белсенділері «Каспий» этномәдени Дағыстан бірлестігі «ҚБ, «Светоч «славян этномәдени бірлестігі» ҚБ, «Вайнах» Атырау шешен-ингуш этномәдени бірлестігі ҚБ, «Татулық» татар және башқұрт этномәдени бірлестігі, «Былина «орыс этномәдени бірлестігі» ҚБ, «Тхонил» корей этномәдени бірлестігі.

«Қоғамдық келісім» КММ-де 4 бөлім бар: ғылыми-сараптама бөлімі, талдау және мониторинг бөлімі, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

Мекеме қызметінің мәні Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруға бағытталған жұмыста қолдау көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.

Мекеме қызметінің мақсаты ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту, қоғамдық-бұқаралық, ғылыми-сараптамалық, ақпараттық жұмыс жүргізу болып табылады. Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, ҚХА ақсақалдар кеңесі және жастар қанаты белсенді жұмыс істеуде.

КММ «Қоғамдық келісім» Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы институтымен, Атырау мемлекеттік мұнай және газ университеті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен, Атырау гуманитарлық-инженерлік институты жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларымен белсенді ынтымақтастық жасайды.