Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан тарихы Абайдың рухани мұрасы аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті


2020 ж. 8 қазанда Институтта қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған «Қазақстан тарихы Абайдың рухани мұрасы аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты – қазақ халқының тарихын зерттеудегі Абай Құнанбайұлының орны мен рөлін анықтау. Конференция жұмысына ұлы Абайдың рухани мұрасын зерттеуші ғалымдар қатысты. Модератор ретінде Институт директорының кеңесшісі, с.ғ.д. С.М. Борбасов болды. Алғы сөздерімен іс-шараны Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д. З.Е. Қабылдинов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д., профессор Е.З. Қажыбек, Қырғызстан Республикасы ҰҒА корреспондент-мүшесі, Б. Жамгерчинов ат. Тарих, археология және этнология институтының директоры А.А. Асанканов, Тәжікстан ҰҒА бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Н.Б. Хотомов бастады. Конференция барысында М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының «Ежелгі дәуір әдебиеті түркология» бөлімінің меңгерушісі Т. Қыдыр, Қырғызстан Республикасының Б. Жамгерчинов ат. Тарих, археология және этнология институтының «Ежелгі дәуірден ХІХ ғ. соңына дейінгі Қырғызстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Р.Ж. Жолдошов, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Е.Е. Сайлаубай, Тәжікстан ҰҒА бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. А.Р. Раджабов, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті Археология және этнология кафедрасының профессоры Ж.О. Артықбаев, Қырғызстан Республикасы Б. Жамгерчинов ат. Тарих, археология және этнология институтының ғылыми қызметкері Т.К. Арзыбаев, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры М. Алпысбес, Институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова, Институттың Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі А.Т. Абдуллина, Институттың аға ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов баяндама жасады. Сонымен қатар, ҚР МСМ Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері (М.Ғ. Жылысбаева, Р.Е. Оразов, Б. Омаров) қорларының құжаттары негізінде «Абай Құнанбайұлы архив деректерінде» атты көрме ұйымдастырды.

Конференцияда Қазақстанның тарих ғылымында Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын пайдаланудың және дамытудың жаңа жолдары мен тың аспектілері қарастырылды. Абайдың рухани мұрасының Қазақстан тарихына ықпалын сараптай келе халықаралық конференцияның қорытындылары бойынша келесі ұсыныстар қабылданды: Абай Құнанбайұлының рухани мұрасының тарихи аспектілерін зертеуге арналған гранттық қаржыландыру жобаларын дайындау; Абайдың тарих ғылымына қатысты пікірлерін, көзқарастарын, идеяларын сараптауға арналған кешенді зерттеулер жүргізу; Қазақстанның белгілі университеттері жанындағы «Абайтану» орталықтарымен Институт ұжымының бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру; БАҚ құралдарында Абайдың тарихи көзқарастарына қатысты бұқаралық мақалалар жариялау; Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған мақаларды тарихи энцеклопедияларға, оқулықтарға, көптомдық Қазақстан тарихына енгізу; Абайдың рухани мұрасы негізінде қазақстандық отаншылдықты, еңбексүйгіштікті, гуманизмді, шыншылдықты тәрбиелеу, тарихи сананы қалыптастыру концепциясын жасау; Абайдың ұлттық тарихқа, оның шешілмеген мәселелеріне қатысты ой-пікірлерін, идеяларын жүйелеу арқылы оларды Қазақстан халқының рухани игілігіне айландыру жолдарын көрсету.