Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-ті Тарих факультетінің профессор-оқытушыларымен кездесу


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А.Т. Қайпбаева мен ғылыми қызметкер З.Б. Байжуманова мемлекеттік тапсырма бойынша әзірленген «Қазақстан халқы «интерактивті ғылыми тарихи картасын «аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» атты ғылыми жоба аясындағы іс-сапар барысында Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-ті Тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесуде «Қазақстан халқы «интерактивті ғылыми тарихи картасының өзектілігі, мақсат-міндеттері туралы таныстырылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 16 қазанында Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесе ұйымдастырылған интерактивті картаның таныстырылымына факультеттің профессор-оқытушылар құрамы шақырылды.

Қорытындысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ғылыми кеңесінде баспаға ұсынылған «Цинская империя и казахское ханства. Вторая половина XVIII – первая треть ХІХ вв / Состовитеи Хафизова К.Ш., Моисеев В.А. / Второе издание (исправлено и дополнено). Ответ. редактор Хафизова К.Ш. – Нур-Султан, 2020. – 344 с. жинағын факультет кітапханасы қорына арнап декан, т.ғ.к., доцент Купенова Гульмира Ыхласқызына және «Тарих және дінтану» кафедрасының меңгерушісі Избасарова Гүлбану Болатқызына табысталды.