Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақтөбеде «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының таныстырылымы өтті


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А.Т. Қайпбаева мен ғылыми қызметкер З.Б. Байжуманова мемлекеттік тапсырма бойынша әзірленген «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын «аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» атты ғылыми жобасы бойынша Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы және  Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ағымдағы жылдың 16 қазанында «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи ғылыми картасының таныстырылымы өткізілді.

Іс-шара барысында аталған екі мекемемен зияткерлік және мәдени ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум  аясында тараптар этномәдени іс-шараларын өткізу бойынша бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

Қорытындысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ғылыми кеңесінде баспаға ұсынылған «Цинская империя и казахское ханства. Вторая половина XVIII – первая треть ХІХ вв / Состовитеи Хафизова К.Ш., Моисеев В.А. / Второе издание (исправлено и дополнено). Ответ. редактор Хафизова К.Ш. – Нур-Султан, 2020. – 344 с. жинағы Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының басшысы Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы мен Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ағниязов Нұрхан Сабыржанұлына табысталды.