Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Шымкент қаласына ғылыми іссапар


2020 жылдың 6-18 қазан аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жас ғалымдарының жобасы аясында Е.М. Куркеев пен Ә. Болатхан Түркістан облысына архивтік мәліметтер жинақтау үшін іссапарға барып келді. Іссапар барысында жас ғалымдар Түркістан облыстық мемлекеттік архиві, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің және Түркістан қалалық архивінің қорларымен танысып, өңір шаруаларының соғыстан кейінгі күнделікті өмір тарихына қатысты құнды деректерді жинақтап қайтты. Жинақталған архивтік мәліметтер жоба қорытындысы бойынша әзірленетін монографиялық еңбекке енгізілетін болады. Сонымен қатар,  Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі, Түркістан қалалық архивімен екіжақты меморандум жасалып, алдағы уақытта біріге жұмыстар атқару жөнінде келісімге келді.