Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстандағы этно-мәдени бірлестіктердің қызметі: тарихы мен бүгіні» атты республикалық онлайн дөңгелек үстел


2020 жылдың 22 қазанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» атты зерттеу жобасы бойынша «Қазақстандағы этно-мәдени бірлестіктердің қызметі: тарихы мен бүгіні» атты республикалық онлайн дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты –  Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер қызметінің перспективаларын тарихи ретроспективалық жағынан қарастыру, қазақстандық бірегейлікті нығайту және жастарды рухани тәрбиелеу үшін үш тілде «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын» өзектендіру және ақпараттық қолдау бойынша зерттеулерді жалғастыру контексінде толеранттылыққа назар аудара отырып, олардың қазіргі кезеңдегі даму мәселелерін талқылау.

Іс-шараны Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д. З.Е. Қабылдинов модератор ретінде өзінің алғы сөзімен бастады.

Дөңгелек үстелге қатысушы институт қызметкерлері, ЭМБ өкілдері, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚМБ-ның баспасөз хатшысы Ш.В. Зульярова, «М. Қозыбаев ат. СҚУ» КЕАҚ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Л.А. Гривенная, Алматы қаласы «Ирныхас» Осетин мәдени ағарту орталығының өкілі К.В. Мамсуров, Петропавл қаласы, Солтүстік Қазақстан «Коперник» поляк мәдени орталығы директорының орынбасары В.Ю. Корнева, Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ Сыған диаспорасы этномәдени бірлестігінің өкілі Т. Дадусенко, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Түркітану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. М.С. Сыздыков, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры, т.ғ.д. М. Алпысбес және т.б. өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатова, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д., профессор З.Т. Садвакасова, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к., қауым. профессор А.С. Уалтаева, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к. С.А. Асанова т.б.  баяндама жасады. Баяндамашылар түрлі деректі материалдарды пайдалана отырып, қазақ ұлтының мемлекет құраушы миссиясы негізінде Қазақстандағы көптеген этностардың пайда болуы мен өмір сүру тарихының қызықты беттерін жұртшылыққа ұсынды. Сонымен қатар, «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы» жұмысының негізгі кезеңдерін көрсету, ел этностарының тарихын, тарихнамасын, өмірлік мәдени және рухани құндылықтарын зерделеудің негізгі бағыттарын көрсетіп өтті.