Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Павлодар қ. ғылыми іс-сапар


Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Құдайбергенұлы Б. мен кіші ғылыми қызметкер Күникеев А.Д. қазан айының 5-17 аралығында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта» жобасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласына іс-сапарымен барып қайтты. Сапар барысында Павлодар қаласындағы ҚХА-ның «Достық үйінде» Интерактивті картаның жобасы сайт арқылы таныстырылды. Сонымен қатар Павлодар Университетінің кітапханасында, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің кітапхана қорында, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің қорларынан 7 этносқа қатысты архив құжаттары жинастырылды. Институтымыз ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамның филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірбиелік орталығы және С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен екі жақты ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылып, институтымыздан шыққан кітаптар сыйға тартылды. Павлодар қаласындағы сапар барысында Палводар обл. мемл. мұрағат қорынан 1000-беттік архивтік құжат алынды.