«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында интерактивті картаның тұсаукесері

2020 ж. 23 қазанда институттың қызметкерлері А.С. Уалтаева мен А. Куникеев талдамалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау шеңберінде «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының» тарихи танымдық шеңберінде таныстырылымын өткізді.

Мұражай 2003 жылдың 14 қазанында құрылды, 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының нысаны болып табылады, 1957 жылы А.Г. Максимованың жетекшілігімен ашылған археологиялық топ қола дәуірінің бес мыңға жуық петроглифтерін ашты.

Институт қызметкерлері ҚР Мәдениет министрлігі, Алматы облыстық туризм басқармасы және т.б. өкілдерінің қатысуымен «Алматы-Бішкек экономикалық дәл ізінде туризмді дамыту» жұмыс тобының отырысына қатысты.