Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Екінші дүниежүзілік соғыс және халықтарды Қазақстанға депортациялау: жаңа дереккөздер мен заманауи әдіснамалық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты


Сіздерді 2020 жылдың 24 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында өтетін «Екінші дүниежүзілік соғыс және халықтарды Қазақстанға депортациялау: жаңа дереккөздер мен заманауи әдіснамалық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу аясында өтеді.

Конференцияның мақсаты – Ұлы Отан соғысы және Қазақстанға халықтарды депортациялау мәселелерін әдіснамалық тәсілдер негізінде жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерделеу, өткеннің идеологиялық белгілерінсіз және дәл осындай қазіргі таңдағы жаңашылдық делінетін жалған идеологиялық боямаларсыз объективті тарихты қалыптастыру өзектілігі ауқымында зерттеу мен интерпретациялау.

Конференция аясында келесі жұмыс бағыттары күтілуде:

• Екінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанға халықтарды депортациялауды зерттеудің тұжырымдамалық, әдістемелік және тарихнамалық мәселелері;

• Екінші дүниежүзілік соғыс және халықтарды күштеп қоныс аударту тарихы туралы жаңа архивтік деректер мен құжаттар;

• Тоталитарлық саясат жүйесіндегі этникалық топтарды депортациялау және ақтау мәселелері;

• Қазақстан, Германия, Жапония, Ресей, Украина, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікстандағы және басқа елдердегі Отан соғысы туралы тарихи жад және заманауи әдіснамалық тәсілдер;

• Құжаттардағы және жеке естеліктердегі жаңа дереккөздерге негізделген тылдағы күнделікті өмір;

• Соғыстың мәдени мұрасы: әдебиет, бейнелеу өнері, театр және кино;

• Екінші дүниежүзілік соғыстың демографиялық және әлеуметтік салдары.

• Қазақстанның Ұлттық әскери құрамалары: жасақталу тарихы және жауынгерлік жолы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін өтінім және баяндама мәтіні төменде ұсынылған үлгіде жіберілуі қажет.

Конференцияға қатысуға өтінімнің үлгісі:

 

Т.А.әА (толық)____________________________________________________________

Ғылыми дәреже (ғылыми атағы, академиялық дәрежесі): ___________________________

Қызметі (оқу): ___________________________________________________________

Мекеменің толық аталуы (оқу орны): _________________________________

Байланыс телефондары: ________________________________________________________

E-mail_______________________________________________________________________

Баяндама/мақала тақырыбы: _______________________________________________________

 

Қатысуға өтінімдер kazhistory@bk.ru немесе b.zamzagul75@mail.ru электрондық пошта арқылы 2020 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады.

Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағын шығару жоспарланған.

Мақаланы ұсынуға қойылатын талаптар: көлемі 2 мыңнан кем емес және 5 мың сөзден аспауы керек. Мақаланың басында жоғарғы оң жақ бұрышта автордың тегі, есімі және әкесінің аты, келесі жолда автордың немесе авторлардың жұмыс орны, лауазымы толық көрсетіледі, тұрғылықты жеріңіз және электрондық поштаңыз, интервал арқылы орта жолдан – мақаланың тақырыбы бас әріптермен көрсетіледі. Ары қарай келесі жолда: интервал арқылы қысқаша аннотация (кемінде 100 сөз) және түйін сөздер (5-тен көп емес). Ені бойынша, сызықша жоқ. Мәтін 12 кегль, 1 интервалмен, Times New Roman шрифтімен, сілтемелер мәтінде тік жақшаға алынады (мысалы, [1, 17. б.]) Мақаланың соңындағы библиографияға (әдебиет алфавиттік тәртіпте, нүктесіз нөмірленген). Барлық өрістер 2 см, жұмыстар MS WORD редакторында жасалған * .doc және *.rtf форматында қабылданады. Файл атауы бірінші автордың атына сәйкес келуі керек. Графикалық кескіндер мәтін ішінде міндетті түрде қысқаша аннотациямен жақсы сапада орналасқан болуы тиіс.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбы мен рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер мен мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

 

Анықтамалар мен қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (727) 272-46-55 (Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы бөлімі), сонымен қатар +7 (707) 371-22-69 (Whatsapp) ) – Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы, ТЭИ кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі.

 

Өтетін орны: Алматы қ. Шевченко 28. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, 2-қабат, 205-бөлме. Конференцияның басталуы сағат 11.00-де.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті