Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

3-ші ҚАЗАҚ ЕСКЕРТКІШТАНУЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМНАН: ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЕСКЕРТКІЩТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ҮШІН ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЖЕТ


2020 жылы 30-қазанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжатнама басқармасының Тарихи мәдени мұраны сақтау орталығы бірлесіп, алдыңғы Ақтөбе (2011 ж.), Атырау (2012 ж) қалаларында өткен Симпозиумдарда басталған ғылыми практикалық бағыт – қазақ ескерткіштануының өзекті мәселелерін талқылау мен қарастыру үшін «Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 3-ші Халықаралық Симпозиумын өткізді.

Қазақ ескерткіштануына арналған 3-ші Симпозиумның басты мақсаты ғылыми-зерттеу саласындағы маңызды мәселелерді мамандармен ынтымақтастықта талқылау, сонымен қоса Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау мен пайдаланудың және тиесілі мемлекеттік ұйымдардың, ғылыми мекемелердің, жұртшылықтың осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастыратын белгілі бір бағдарламасын дайындау болып табылады.

Симпозиумды Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры  т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының (ҰҒА) корреспондент-мүшесі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы кіріспе сөзбен ашып берді. Ол өз сөзінде соңғы жылдарда Қазақстанда сан алуан және көптеген қазақ ескерткіштерін зерттеу мен қолдану саласындағы айтарлықтай жанданудың байқалғанын, осыған орай өткізіліп отырған симпозиуның аса маңыздылығы мен  кезек күттірмейтін міндеттерді шешуде дәл уақтылы іс-шара екенін атап көрсетті.

Симпозиум жұмысына Қазақ Аграрлық зерттеу университеті «Рухани жаңғыру» институтының директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы және 1971-ші жылдардың ортасынан бері қазақ ескерткіштерін зерттеумен айналысып келген Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызыметкері, т.ғ.д., профессор, Шығыс елдері Архитектурасы Халықаралық Акадаемиясының корреспондент-мүшесі Әжіғали Серік Ескендірұлы модераторлық етті.

Форумға тікелей де, қашықтан да  Қазақстанның әр аймағынан 50-ден аса ғалымдар мен ескерткіштанушы-мамандар, реставраторлар, сондай-ақ Ресей мен Украинадан да мамандар қатысты. Өз құттықтау сөздерін Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы, Шығыс елдері Архитектурасы Халықаралық Акадаемиясының академигі Б.А. Глаудинов, Ресей Ғылым Академиясы Археология және этнография институтының Омбы филиалының директоры, т.ғ.д, профессор Н.А. Томилов, Астрахан мемлекеттік уиверситетінің қызыметкері, география ғылымының кандидаты, доцент  И.В. Головачев және Украина ескерткіштану орталығының ғылыми қызыметкері С.Ю. Зозуля да жолдады. Симпозиумға сондай-ақ тарихшы, археолог ғалымдар мен қатар жас ғалымдар, доктаранттар мен магистранттар қатысты.

Симпозиум барысында мамандардың барлығы дерлік тарихи және мәдени, соның ішінде халық үшін қасиетті маңызға ие ескерткіштердің қорғалуы мен сақталу мәселесін көтерді. Атап айтқанда көп жылдар Батыс Қазақстан тарих және археология Орталығын басқарып келген М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті профессоры, т.ғ.д. Сыдықов Мұрат Наурызғалиұлы. Ол 2002 ж. бастап, яғни Орталық ашылғаннан Батыс Қазақстан облысының  екі мыңнан аса ескерткіштері есепке алынып, ғылыми айналымға қосылғанын атап өтті. Өзбекстандағы қазақтардың ескерткіштерін, киелі жерлерін зерттеумен үздіксіз айналысып келе жатқан белгілі этнограф   Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызыметкері, т.ғ.д., профессоры Тоқтабай Ахмет Уалханұлы шетелдердегі қазақ ескерткіштерін зерттеу мен есепке алудың және Қазақстан Республикасы елімізден тысқары тарихи-мәдени ескерткіштердің құнды дегендерін қалпына келтіру үшін қаражат бөлуідің қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Ғалымның пікірінше, ұлттық және халықаралық көлемде бұл істің маңыздылығы шетел қазақтарының мәдени мұрасы қазақ халқының материалдық және рухани мұрасына бірігіп, ортақ мұраға айналады.

Симпозиумға Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және т.б. өңірлерден қатысушылар болды. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университетінің проректоры, т.ғ. д., профессор Р.А. Бекназаров құттықтау сөз сөйледі және «Исатай мешіті: мәдени ескерткіштер арқылы аймақ тарихы» атты баяндама жасап, С.Е Әжіғалидің қазақ ескерткіштануын дамытудағы еңбегін атап көрсетті және өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қарағанды облыстық мемлекеттік архивінің ғылыми-техникалық құжатнама басқармасының басшысы белгілі этнолог және өлкетанушы Т.Т. Аршабеков мемориалды архитектуралық ескерткіштер қазақтардың этникалық шекарасын көрсететін бірден-бір дәйек деп есептейді.

Форумды аяқтай келе, аталмыш симпозиудар тізбегінің бастамашысы болып жүрген, «Қазақ (этнографиялық) ескерткіштануы»: теориялық, ғылыми-әдістемелік және қолданбалы мәселелер»  жобасының ғылыми жетекшісі, белгілі ғалым-этноархеолог С.Е. Әжіғали қайта сөз сөйлеп,  ең алдымен ескерткіштерді зерттеу мен қорғау бойынша жалпыреспубликалық Ғылыми-әдістемелік және зерттеу Орталығын, еліміздің тарихи және мәдени жылжымайтын ескерткіштері бойынша Ғылыми-әдістеме кеңесін (ҒӘК) құру туралы мәселені көтерді және оны министрлер кабинеті басшысына немесе мәдениет министрі қарамағына қарасты ету жөн болатынын, аса маңызды іс республика бойынша қозғалмайтын тарихи-мәдени мұрамызды сақтауды жоғарғы мемлекеттік деңгейге көтеретінін атап айтты. Жанын сала сөйлеген сөзінде ол мамандардың ортақ пікірін білдірді, олардың ішінде ҚР Орталық мемлекеттік музейінің ғылыми қызыметкері Жалаладин Шайкен де осы симпозиумға тікелей қатысып, қандай да болмасын ескерткіштер түрлерінің бет-бейнесін жергілікті ұйымдарға ҒӘКтің мақұлдауынсыз өзгертуге тиым салатындай нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу қажет деген пікірін ортаға салды. Институт директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты А.Қ. Шашаев қазақ ескерткіштанушылары Ассоциациясын құруды және ұйымның арнайы мерзімді басылымын шығаруды ұсынды.

Симпозиум жұмысын қорытындылай келе, С.Е. Әжіғали  қазақ ескерткіштерін сақтау геосаяси тұрғыдан еліміздің шекарасын қорғауда айғақ болатын, мемлекеттіліктің, қазақтардағы монументалды сәулет және тас қашау өнерінің  ежелден қалыптасқан дәстүрін паш ететін  куәлігіміздей болатынын атап көрсетті. Кешеуілдету Ежелгі Дала өркениетінің мұрагері Қазақстанның тарихи-мәдени ерекшелігін танытатын бірегей ескерткіштердің бұзылып, жоғалып кетуіне әкеліп соғады. Барлық айтылған ұсыныстар симпозиум қарарына енгізіліп, оны жүзеге асыру жұмыстары қарастырылатын болады.

 

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі,

т.ғ.к. Абдулина А.Т