Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметі туралы жаңа құжаттар» атты дөңгелек үстел


2020 жылғы  6 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметінің белгісіз беттері» жобасын жүзеге асыру аясында «Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметі туралы жаңа құжаттар» атты онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізді.

         Дөңгелек үстел Қазақ КСР-інің экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан еліміздің белгілі мемлекет және партия қайраткері Жұмабай Шаяхметовтың (1902–1966 жж.) өмірі мен қызметінің негізгі тұстарын талқылауға арналды.

         Дөңгелек үстелдің отырысында төмендегі мәселелер талқыланды:

  • Ж. Шаяхметовтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері;
  • Ж. Шаяхметовтың Қазақ КСР-інің ауыл шаруашылығын, өнеркәсібі мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі;
  • Ж. Шаяхметовтың ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы жұмысы;
  • Ж. Шаяхметовтың Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы қызметі;
  • Ж. Шаяхметов мемлекеттік және партия қызметінде;
  • Ж. Шаяхметов тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында.

Дөңгелек үстелдің мақсатыЖұмабай Шаяхметовтың Қазақстан тарихы кеңестік дәуірінің белгілі тұлғасы және мемлекет қайраткері ретіндегі  өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін талқылау. Қатысушылар атап көрсеткендей, Ж. Шаяхметовтың өмірінің көп бөлігі И Сталин мен Н. Хрущевтің әміршілдік-әкімшілдік жүйесінің қалыптасуы мен орнығынуына байланысты аса күрделі және қайшылықты кезеңіне тұспа-тұс келді.

Ж. Шаяхметовтың өмірі мен қызметі кеңестік және кеңестен кейінгі Қазақстанда бірқатар себептер бойынша академиялық зерттеулер нысанына жатқызылмады, солардың қатарында қолданбалы сипатындағы архивтік құжаттарды зерттеуге қол жеткізу және оларды ғылыми айналымға енгізу мәселелері де орын алған еді.  Бұрынғы кеңестік заманның зерттелмеген беттері ашылмаған жағдайда тарихи сана мен ұжымдық тарихи зердені, азаматтық келісім мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тіптен мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстан тарихының беймәлім кезеңінің едәуір бөлігі әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің қалыптасқан мерзімі – 1920 және 1950-шы жылдарға тиесілі. Сол себепті өткен кезеңдегі Қазақ КСР-інің басқарушы лауазымдарында болған қазақ халқы өкілдерінің  қызметін және олардың қоғамды жаңғырту жөніндегі кеңестік жобаларды іске асырудағы рөлін зерттеу қажеттігі туындайды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан тарихының кеңестік дәуірінің мәселелерімен айналасып жүрген ғалымдар қатысты. Олар өз сөздерінде Ж.Шаяхметовтың өмір жолы мен қызметінің негізгі кезеңдерін, оның ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының жұмысын ұйымдастырудағы, соғыс және соғыстан кейінгі жылдарындағы республикалық билік органдарын  басқарудағы, сондай-ақ орталық билік органдарының алдында республиканың мүддесін табанды түрде, қажет болған жағдайда  қарсы пікір білдіре отырып, қорғағандағы рөлін тілге тиек етті.

Сонымен бірге қатысушылар өз сөздерінде Қазақстан тарихының кеңестік дәуірін зерттеуде және әртүрлі ұлтқа жататын сол кезеңде басшы қызметтерде болған дарынды тұлғалардың, әртүрлі бағыттағы қоғамдық-саяси қайраткерлердің рөлін көрсетуде жаңа ғылыми тәсілдер мен теориялық-әдістемелік негіздемелер әзірлеу қажеттігін атап көрсетті.  Әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің қалыптасқан және орныққан кезеңіндегі тұлғалардың рөлін зерттеудің қазіргі қазақстандық қоғам мен ғылымға ерекше маңызы бар, өйткені бұл идеологиясыздандыру, тоталитарлық режимннің мұрасын бұзу және одан бас тарту, отаршылдықтан кейінгі кеңестік сипаттағы синдромды еңсеру, сондай-ақ кеңестік және кеңестен кейінгі қоғамдарды зерттеу процестеріне тығыз байланысты болып отыр.

Кеңестік республикалар халықтары өкілдерінің мемлекет пен қоғамды басқарудың кеңестік жобаларын іске асыруға әртүрлі қатысу үлгілері, олардың ұлттық мүдделерді алға тартудағы рөлі мен орны пәнаралық зерттеулердің нысанына айналуға тиіс.