Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ХХ ғасырдың 30 – шы жж. жаппай ашаршылық кезеңіндегі Ресей мен Орта Азия республикаларындағы қазақ қоныс аударушылары: деректері мен тарихнамасы» атты Республикалық дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылы 12 қараша сағат 11:00-де «ХХ ғасырдың 30 – шы жж. жаппай ашаршылық кезеңіндегі Ресей мен Орта Азия республикаларындағы қазақ қоныс аударушылары: деректері мен тарихнамасы» атты Республикалық дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Бұрын кеңестік тарих ғылымы Қазақстандағы ашаршылыққа ұшыраған қазақтардың республикадан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болған тақырыбын қозғауға рұқсат еткен жоқ. Осыған байланысты қазақтардың өткен ғасырдың 30-шы жж. көршілес республикаларға  қоныстану тақырыбы  жеке ғылыми ізденістің объектісі мен пәніне айналған жоқ. Қазіргі уақытта 1930 ж. басталған жаппай ашаршылық кезеңінде дала халқының мәжбүрлі көші-қонының тұтас бейнесін қалпына келтіру және олардың Орта Азия мен Ресей республикаларының аумағында болуы мен өмір сүруінің себебін ашып көрсету мәселесі алға қойылып отыр.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – 1931-1933 жж. жаппай ашаршылық кезінде Орта Азия мен Ресейге жаппай көшу процесі мен олардың тіршілік ерекшеліктері, тағдыр тарихының зерттелуі:  деректік тарихнамалық мәселелері.

Дөңгелек үстелдің отырысында келесі сұрақтар қарастырылады:

-Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жж. басындағы аштықтың тарихнамасы мен деректемесі;

– Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жж. басындағы аштық салдары зерттелуінің теориялық-методологиялық негізі;

Ресей мен Орта Азия республикаларындағы қазақ қоныс аударушыларының әлеуметтік-құқұқтық жағдайының ерекшеліктері.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Іс-шара онлайн-режимде на Zoom бағдарламасы негізінде өтеді (идентификатор: 867 5142 1133, пароль: 802200).

Қатысу үшін өтінімдер 2020 ж. 11 қарашасына дейін электронды нұсқада e-mail арқылы жіберіледі: kazhistory@bk.ru, botanadirkyzy@gmail.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Тегі аты-жөні  (толық) _____________________________________________________

Ғылыми атағы (ғылыми дәрежесі): _________________________________________

Жұмыс орны, мекеменің толық атауы:                   _____________________________

Қызметі: ______________________________________________________________

Байланыс телефоны, факс.: _______________________________________________

Е-mail.: __________________________________________________________________

Баяндама атауы_________________________________________________________

Өткізу орны: 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, «Ғылым ордасы» ғимараты ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты,  2-ші қабат, 205 ауд. (Академик Ақай Нүсіпбеков ат. Ғылыми Кеңес залы).

Дөңгелек үстелдің өтетін уақыты: –  сағат 11:00, қатысушыларды тіркеу  – сағат 10:30.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс тел.: тел.: +7(727) 261-67-19, 261-01-33, е-mail: kazhistory@bk.ru.

Құрметпен ұйымдастыру комитеті