Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Кеңес үкіметінің алғашқы ширегіндегі дәстүрлі қазақ мәдениеті және этносының тағдырлары» атты дөңгелек үстел


2020 ж. 17 қарашасында сағ. 11.30-да Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Кеңес үкіметінің алғашқы ширегіндегі қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті: инерциялық дамуы, күйреуі және салдары (тарихи-этнологиялық зерттеу)» (2020, қараша – 2022) атты гранттық жобаны талқылауға арналған дөңгелек үстелді өткізеді. Жобаның мақсаты Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдықтарында (1920–1930 жж.) мәдениетті дамыту процесін зерттеу болып табылады,  ұлттық мәдениеттері  артта қалған деп жою міндетін қойған волюнтаристік модернистік ұмтылыстарға ие болды. Соның нәтижесінде қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының, сондай-ақ кейіннен жаңа тоталитарлық режимге, жағдайларға бейімделуге мәжбүр болған мәдениеттің бұзылуы орын алды.

Дөңгеле үстел барысында жобаның міндеттері, оның кезеңдері, концепциясы және жұмыстың мазмұны талқыланады. Жұмыс тобының мүшелері пікірлерімен алмасады, алдағы зерттеу жұмыстарының жоспарын талқылайды және ғылыми мәселенің көріністерін келістіреді. Іс-шараға ғалымдар және жас зерттеушілер, мәдениет қайраткерлер, жалпы барлық қызығушылық танытатын жұртшылық өкілдерді қатысуға  шақырамыз.

 

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефондары:

Мекенжайы: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімі;+7(727)61-65-57;

Тел.: +77013707032, e-mail: orinbaevag@mail.ru Орынбаева Гүлмира Үсенбайқызы, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к.

Өтетін уақыты: 17 қараша 2020 ж., 11.30 сағ.

Өтетін мекен-жайы: Алматы қ, Шевченко көш., 28,

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, № 205 каб.

Іс-шара Zoom платформасында онлайн режімінде қол жетімді: конференция идентификаторы – 870 6989 0003, пароль –  172152

 https://us02web.zoom.us/j/87069890003?pwd=UlppMWNxQytnYXNJZk9YM3dRS1doUT09

 

Ұйымдастыру комитеті