Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Конференцияға қатысу және келісімшартқа қол қою


2020 жылдың 14 қарашасында Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының негізінде «Отырар кеше, бүгін, ертең: туристік және ғылыми болашақ» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, онда институт директоры З.Е. Қабылдинов Пленарлық мәжілісте «әл-Фараби мұраларының өзектілігі» атты тақырыбына баяндама жасады. Бұл ғылыми алаңда екі ұйым арасында конференциялар, дөңгелек үстелдер бірлесіп өткізу және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми кадрларды дайындау жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Институт ұжымының атынан ұйымдастырушыларға біздің мекеменің ғалымдары шығарған кітаптар сыйға тартылды. Қонақтар үшін Созақ пен Отырар ортағасырлық қоныстарына экскурсиялар ұйымдастырылды.