Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ХХ ғасырдың 30 – шы жж. жаппай ашаршылық кезеңіндегі Ресей мен Орта Азия республикаларындағы қазақ қоныс аударушылары: деректері мен тарихнамасы» атты Республикалық дөңгелек үстел


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтыyнда 2020 жылдың 12 қараша күні «ХХ ғасырдың 30 – шы жж. жаппай ашаршылық кезеңіндегі Ресей мен Орта Азия республикаларындағы қазақ қоныс аударушылары: деректері мен тарихнамасы» атты Республикалық дөңгелек үстел онлайн-режимде  өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – 1931-1933 жж. жаппай ашаршылық кезінде Орта Азия мен Ресейге жаппай көшу процесі мен олардың тіршілік ерекшеліктері, тағдыр тарихының зерттелуі: деректік тарихнамалық мәселелері.

Дөңгелек үстел барысында қарастырылған негізгі сұрақтар:

-Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жж. басындағы аштықтың тарихнамасы мен деректемесі;

– Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жж. басындағы аштық салдары зерттелуінің теориялық-методологиялық негізі;

Ресей мен Орта Азия республикаларындағы қазақ қоныс аударушыларының әлеуметтік-құқұқтық жағдайының ерекшеліктері.

Бұрын кеңестік тарих ғылымы Қазақстандағы ашаршылыққа ұшыраған қазақтардың республикадан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болған тақырыбын қозғауға рұқсат еткен жоқ. Осыған байланысты қазақтардың өткен ғасырдың 30-шы жж. көршілес республикаларға қоныстану тақырыбы жеке ғылыми ізденістің объектісі мен пәніне айналған жоқ. Қазіргі уақытта 1930 ж. басталған жаппай ашаршылық кезеңінде дала халқының мәжбүрлі көші-қонының тұтас бейнесін қалпына келтіру және олардың Орта Азия мен Ресей республикаларының аумағында болуы мен өмір сүруінің себебін ашып көрсету мәселесі алға қойылған.

Дөңгелек үстелде Қазақстандағы аштық мәселелерін зерттеп жүрген ғалымдар мен ғылыми жоба орындаушылары басқосты. Баяндамалар ашаршылық жылдары шекаралас елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған қазақтарға қатысты жаңа архивтік материалдар мен құжаттарды анықтап қарастырды.