Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қызылорда қаласына ғылыми іссапар


Институттың бас ғылыми қызметкері т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатова 12.11.2020 – 21.11.2020 аралығында «ХХ ғ. 20-30 жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі» тақырыбындағы гранттық жобасы бойынша Қызылорда облысы мемлекеттік архивінде археографиялық жұмыстар (анықтау, талдау) жүргізді. Аталмыш тақырып бойынша архив құжаттарындағы қорлармен танысып, ағарту жүйесіне байланысты құнды деректерді жинақтап, көшірмелерін алды. Сонымен бірге Қызылорда облыстық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде қазан төңкерісінен бастап, Ұлы Отан соғысы басталғанға дейінгі аралықтағы білім беру тарихы туралы көптеген еңбектерге тарихнамалық және деректанулық шолу жасап ғылыми іссапар жұмысын сәтті аяқтады. Жинақталған деректер осы жоба бойынша алдымыздағы жылы әзірленетін архив құжаттары жинағына енгізілетін болады.