«Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты Республикалық ғылыми-тәжрибелік конференцияның ақпараттық хаты

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп 2020 жылдың 24 желтоқсанында ғалым, шығыстанушы, библиограф, этнограф, филология ғылымдарының кандидаты Нығмет Сәбитовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан шығыстануы мен этнологиясының және тарих ғылымдарының қазіргі проблемеларын талқылау болмақ, Н. Сәбитовтың шығыстану, библиография, этнография, мәдениет тарихы салаларындағы ғылыми мұраларын зерделеу. Іс-шара аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 2020 жылы шыққан Ә.К. Шашаев пен М.М. Бегманованың ғалым жөнінде «Нығмет Сәбитов: шығыстанушы, тарихшы-этнограф, библиограф» кітабының тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері дайындаған «Нығмет Сәбитов (1895–1955). Библиографиялық көрсеткіш» (Алматы, 2020) шағын басылымы таныстырылады және виртуалды кітап көрмесін ұсынады.

Н. Сәбитов 1935 ж. КСРО ОАК жанындағы Н.Н. Нариманов атындағы Мәскеудің Шығыстану институтын бітірген. 1918–23 жж. хатшы, ауыл кеңесінің төрағасы қызметін, халықтық білім беру бөлімінің болыстық басшысы, Шагано-Кондаков болыстық атқару комитетінің төрағасы, кейін сауатсыздықты жоюмен күрес нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1924–29 жж. Астраханда шығып тұрған «Кедей тілі» атты қазақ газетінің редакторы; 1935–36 жж. Сталинабад қаласында (қазіргі Душанбе) Тәжік КСР Халық ағарту комиссариатының әдебиет және баспа ісі жұмыстары бойынша бас басқармасында орынбасар және әскери цензор. 1936 ж. Главлит қызметкері ретінде Сталинбадтағы көптеген кітапханалардан троцкийшілдік әдебиеттерді уақытылы алып тастамағандықтан партиядан шығарылып, қудаланған.

1938–42 жж. Қазақ мемлекеттік көпшілік кітапханасында (қазіргі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы) ғылыми қызметкер болып, аса құнды әрі ғылыми ортада сұранысқа ие бірқатар библиографиялық көрсеткіштерді құрастырады. Атап айтқанда: «Қазақстан тарихы бойынша материалдардың библиографиялық көрсеткіші: 1917 ж. дейін жарияланған шығыс деректері»; «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші (1862–1917)»; «Абай. Абайдың 1889–1945 жж. басылған шығармалары мен ол туралы жазылған әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші» және т.б. 1942 ж. мамыр айынан бастап өмірінің соңына дейін Н. Сәбитов Ғылым академиясында, бастапқыда КСРО ҒА филиалы болған Тіл, әдебиет және тарих институтында, ал 1945 ж. бастап – ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері, этнография бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, 1945–1952 жж. аралығында ҚазКСР министрлігі жанындағы діни істер жөніндегі Кеңестің уәкілетті өкілі болды. Н. Сәбитов Тарих институтының этнография бөлімінің алғашқы меңгерушісі және Қазақстандағы этнографиялық мәселелерді терең зерттеуді жолға қойған. Ол «Қазақтардың медреселері мен мектептері (тарихи-педагогикалық очерк)» атты монографиясын шығарып, шығыстанушы ретінде аймақтардағы конфессиялық білім беруді, ислам тарихын зерттеуге өз үлесін қосты.

Н. Сәбитов алғашқы кезеңдердегі аз зерттеушілердің бірі болды, энциклопедиялық білімі бар, бірқатар шетел тілдерін меңгерген, оның ішінде араб, парсы, түрік және ағылшын тілдерін игерген, XX ғ. басында өмір сүрген қазақ зиялыларының соңғы легіне ілесе өскен зерттеушілердің бірі болды. Н. Сәбитов – Кеңестік Қазақстандағы алғашқы кәсіби шығыстанушы, библиограф және алғашқы этнографиялық экспедицияны ұйымдастырушы, тарих және мәдениет бойынша маңызды ғылыми-анықтамалық және әдістемелік жұмыстардың авторы, сонымен қоса ғылыми ізденіс жұмыстарын өзіне жүктелген мемлекеттік-әкімшілік қызметтерімен ұштастыра білген.

Конференция шеңберінде келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

· Н. Сәбитов және Қазақстандағы тарих және этнография ғылымдарының даму белестері;

· Қазақстандағы шығыстану бойынша зерттеулердің негізгі бағыттары;

· Тарих, халық ауыз әдебиеті, тіл және дінтанудың өзекті мәселелері.

· Библиография мен кітапхана ісі;

· Этнопедагогика.

Конференцияның жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Конференцияның жұмысы Zoom-online платформасында қашықтан және тікелей (очная) түрде өтеді (идентификаторы: 857 0235 4438, құпиясөзі: 842362).

Конференцияның өткізілу уақыты: сағ. 11.00 (24.12.2020 ж.)

Конференцияға қатысуға: ғалымдар, қоғамдық және мемлекет қызыметкерлері, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, кең ауқымда қоғам өкілдері шақырылады. Конференция бағдарламасы мен жинағына баяндамаларды енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына тіркелу формасын 15-ші желтоқсанға ал баяндама мәтінін 2020-шы жылдың 21-ші желтоқсанға дейін жіберу қажет. Материалдар ұсынылған талаптарға сай рәсімделуі міндетті:

Мақаланың талаптары: өзекті, ғылыми деңгейі жоғары, мазмұндық стилі жақсы болуы шарт.

Мақаланың көлемі – 30 000 белгіден аспауы керек.

Мәтін Microsoft Word-та теріледі. Формат беті – А4, жиектерінің барлық жағы – 2,5 см., шрифт – Times New Roman, кегль – 12, жоларалық қашықтық – қалыпты, азат жол – 1,0 см.

Әуелі, беттің жоғарғы бөлігінің сол жақ бұрышына ӘОЖ қойылады.

Одан кейін қазақ немесе орыс тілінде – тегі, автордың инициалы, содан кейін мемлекеттің және жұмыс орнының атауы, келесі төменгі жолдың ортасында бас әріптермен қою шрифпен – мақаланың тақырыбы жазылады. Одан төменде бір жолдан кейін мақаланың негізгі мазмұнын баяндайтын аңдатпа (3-5 сөйлем) және кілт сөздер (5-7 сөз) беріледі.

Бір жол төменде ағылшын тілінде – тегі, автордың инициалы, содан кейін мемлекеттің және жұмыс орнының атауы, оның төменгі жолдың ортасында бас әріптермен қою шрифпен – мақаланың тақырыбы, одан төменде бір жолдан кейін мақаланың негізгі мазмұнын баяндайтын аңдатпа (3-5 сөйлем) және кілт сөздер (5-7 сөз) жазылады.

Тағы бір жолдан кейін мақаланың негізгі мәтіні орналасады.

Мақаламен бірге автор туралы қазақ (немесе орыс) және ағылшын тілінде мәліметтер берілуі қажет: тегі, толық аты-жөні, ғылыми атағы мен дәрежесі, лауазымы, ұйымның толық атауы, жұмысының адресі (почта индексін көрсетіп), e-mail, қызметтік, үй және қалта телефондарының нөмірлері.

Белгілерді үйлестіру: тырнақша – «»; ғасырларды белгілеу – рим цифрларымен, жылдар араб цифрларымен. Сондай-ақ, дефиспен (-) сызықшаның (–) қолдану айырмасын білу жөн саналады. Сызықша сандық, хронологиялық және т.б. аралықтарды белгілеуде қолданылады: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (ажыратпай) немесе XV ғ. аяғы – XVI ғ. басы (ажыратумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

Әдебиеттер (және деректер) тізімі мақала соңында және жұмыстардың көрсетілген ретіне сай берілу тиіс. Мәтіндегі сілтемелер квадрат жақшаларда Әдебеиттер тізіміндегі нөміріне сай дерек көздің бетін көрсету (қажет болған жағдайда) арқылы безендіріледі, мәселен: [1, с. 2], [1, 2 б.] немесе [1, р. 2].

Кестелер, схемалар, суреттердің атауы болу керек және Windows-та терілуі міндетті. Барлық суреттер мен фотографиялар қанық және 300 dpi-ден кем емес ұсынылымда (сапалы) болуы тиіс.

 Баяндаманың мәтінін рәсімдеу үлгісі

 ӘОЖ 39(574)

Әжіғали С.Е.

Қазақстан. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

Аңдатпа (қазақ немесе орыс тілінде).

Кілт сөздер: …; …; …; …; …; …

Azhigali S.E.

TITLE OF ARTICLE

Annotation (on English).

Key words: …; …; …; …; ….

Мақаланың мәтіні…

ЕСКЕРТУЛЕР

 ӘДЕБИЕТТЕР

 1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

2. Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым

стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17.

3. Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.

 «Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты Республикалық ғылыми-тәжрибелік конференцияға

қатысушысының тіркеу формасы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 24-ші желтоқсан 2020 ж.

1.  Тегі, аты-жөні:

2. Жұмыс орыны, лауазымы (ұйымның атауы, мекен-жайы), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:

3. Автордың мекен-жайы (индекс қоса):

4. E-mail:

5. Телефон/факс (кодпен қоса):

6. Баяндама атауы:

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Этнология және антропология бөлімі, e-mail: abd_aksunkar@mail.ru.

Байланыс телефондары: 8 (727) 261-67-19; 8 (727) 261-65-57 (ТЭИ этнология және антропология бөлімі), Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы – директордың қоғамдық байланыстар бойынша орынбасары, т.ғ.к., моб.: +7 777 237 96 93; Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы – этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к., моб.: +7 777 312 20 36.

 

Құрметпен ұйымдастыру комитеті