ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 12.09.2011-17.09.2011 жж. аралығында

13 қыркүйекте Астана қаласында Л. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы және Азаттық радиосының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналып «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп, оған Алаш мұрасын зерттеп жүрген шетелдік Т. Уямо, М. Олкотт, Д. Аманжолова және қазақстандық тарих, әдебиет, журналистика ғылымы саласындағы білікті ғалымдар қатысып, Ә. Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметіне қатысты баяндамалар тыңдалып, филология ғылымдарының кандидаты, алаштанушы С. Аққұлұлының құрастыруымен шыққан Ә. Бөкейханның 7 томдық кітабының тұсаукесері болды. Институттан бұл конференцияға институт директоры, тарих ғылымдарының докторы Х.М. Әбжанов пен тарих ғылымдарының докторы С.О. Смағұлова және тағы басқа ғылыми қызметкерлер қатысып, Ә. Бөкейханның өмір жолдары мен қызметіне, шығармашылығына қатысты баяндамалар жасады.

15 қыркүйекте Институт және Алматы әкімшілігі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығына арналған «Желтоқсан –тәуелсіздік таңы» ғылыми-тәжірибелік конференция бірлесіп өткізді.  Х.М. Әбжанов «ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРЛЫҒАШЫ» тақырыбында бас баяндама жасады.

16 сентября в г. Астане состоялся Первый Конгресс историков Казахстана «Государственность Независимого Казахстана: становление и горизонты развития» посвященный 20-летию Независимости Казахстана.  18 сотрудников Института приняли участие в формате работы Конгресса. Перед делегатами с докладами выступили заместитель руководителя Администрации Президента РК Ашимбаев М.С., Министр образования и науки РК Жумагулов Б.Т., директора Институтов Аяган Б.Г., Абжанов Х.М. и другие.  ГНС, д.и.н., профессор Абылхожин Ж.Б. награжден нагрудным знаком «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан», ВНС, к.и.н. Сужиков Б.М.  удостоен Почетной грамоты.

Фотоархив

Увеличить картинку   Увеличить картинку   Увеличить картинку   Увеличить картинку