«Рухани жаңғыру аясындағы Ш.Ш. Уәлихановтың тарихи-мәдени мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясы өтті

2020 ж. 4 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты Алматы қ. Білім басқармасы және ҚР Орталық мемлекеттік архивімен бірлесіп Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдығына арналған «Рухани жаңғыру аясындағы Ш.Ш. Уәлихановтың тарихи-мәдени мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясын өткізді. Ол Қазақстандағы ғылыми және қоғамдық ойлардың бастауында тұрды, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Сібір мен Қазақстанның тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуге үлкен үлес қосты, оның ішінде Орталық Қазақстан, Жетісу мен Тарбағатайды зерттеуге ерекше назар аударды.

Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси және философиялық көзқарастары ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы күрделі тарихи жағдайда, яғни Қазақстанның Ресейге «өз еркімен қосылуы» процесі аяқталған және сол уақытта басыбайлылық дағдарысқа байланысты қалыптасты. Ресей өзінің саяси және идеологиялық күресін күшейтті. Ұлы ғалымның шығармашылық және ғылыми мұрасы қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында өзектілігін сақтауды жалғастыруда. ХІХ ғасырдың алдыңғы қатарлы мәдениетінің көрнекті өкілі, көптеген ғылыми бағыттарда зерттеу жүргізген Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдық мерейтойын атап өту – ХХІ ғасыр ұрпақтарының ғылыми жетістіктерінің өзіндік қорытындысы болмақ. Оның ғылымның дамуына қосқан өте құнды үлесі және бай тарихи-мәдени мұрасы адамзат игілігіне қызмет етуде.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамы, орта мектептерінің мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, БАҚ өкілдері қатысты. Құттықтау сөздерін Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов, Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ғылымиәдістемелік және инновациялық жұмыс бөлімінің басшысы Ә.Ә. Сайлыбаев, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің жетекшісі М.О. Рахатова және публицист-зерттеуші Ник Филдинг айтты. Іс-шара барысында ҚР Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасары М.Ғ. Жылысбаева «Ш. Уәлиханов туралы архив құжаттарынан» атты қолжазбалар мен құжаттардың көрмесін жасады. Баяндамашылар ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, профессор К.Ш. Хафизова, Орталық Азиядағы Американдық университетінің профессоры (Қырғызстан, Бішкек қ.) Ч.Д. Турдалиева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Шоқан Жолдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Н. Иманжүсіп, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының профессоры Ж.А. Ермекбай, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Р.Ж. Әбділдина, Институттың бас ғылыми қызметкері, профессор М.Ж. Әбдіров, К. Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің Қырғыстан тарихы мен Шетелдік Шығыс кафедрасының меңгерушісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген білім қызметкері Д.Б. Сапаралиев және т.б. болды. Сонымен қатар Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық музейі «Шоқан Уәлиханов туралы» фильм ұсынды. Конференция секциялық мәжілістерімен жалғастырылды.