«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының таныстырылымы өтті

2020 ж. 8 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының ҚР Ұлттық архивінде «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын талдамалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» мемлекеттік тапсырмасы аясында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының таныстырылымы өтті. Іс-шара Институт директорының м.а., ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдиновтың алғы сөзімен ашылды. Картаны институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., қауым.профессор А.С. Уалтаева таныстырды. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық архиві мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мекемелерінің қызметкерлері, тағы басқа да шақырылған қонақтар қатысты. Олар карта туралы өз ойларымен бөлісті.