«Отан тарихы және мәдени мұралардың өзекті мәселелері» (жас тарихшы ғалымдардың ІІ Республикалық ғылыми конференциясы)

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі – «Отан тарихы және мәдени мұралардың өзекті мәселелері» тақырыбында жас тарихшы ғалымдардың ІІ Республикалық ғылыми конференциясын өткізді. Республика көлемі мен Алматы қаласының оқу орындарынан 42 жас ғалым қатысты. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Әбжанов Х.М., институт директорының орынбасары, т.ғ.к., доцент Р. А. Бекназаров, ҚР ҰҒА академигі М-А.Х. Асылбеков, «Кеңес дәуірі кезеңіндегі Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор А.Т. Қапаева, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Н.Б. Сейдін «құттықтау сөз» сөйлей отырып конференцияның ашылуын рәсімдеді. Тарих және этнология институы «Жас ғалымдар» кеңесінің төрағасы т.ғ.к., Қ.А. Еңсеновтың модераторлық етуімен жас ғалымдардың баяндамалары оқылып, талқыға салынды