Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Түркиядағы өкілінің жәрдемшісімен кездесу

Тарих және этнология институтының директоры т.ғ.д., проф Х.М. Әбжанов және директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, т.ғ.к., доцент, Р.А. Бекназаров, сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары т.ғ.к., доцент Қ.М. Ерімбетова және ғалым хатшы Ы.Қ. Омарбаев Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Түркиядағы өкілінің жәрдемшісі, т.ғ.к., доцент Нұрсұлу Имашовамен кездесті. Кездесу барысында, екі жақты ғылыми әріптестік пен байланыстарды одан ары дамыту жайлы сөздер қозғалды. Институт директоры Х. Әбжанов өз кезегінде, отандық тарихымызға қатысты түрік тіліндегі еңбектерді қазақ тіліне аудару және оны ғылыми айналымға енгізу туралы өзекті мәселелерді жеткізді. Нұрсулу Имашова ханым бұл тақырыптардың бүгінгі таңдағы өзектілігіне баға беріп, оны институт ғалымдарымен бірлесе отырып шешуге болатындығын атап өтті.