Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

“Мәңгілік халық жадында”


Алматы қ. Әкімдігі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы, Республиқалық саяси қуғын-сүргін құрбандары Қауымдастығымен ашаршылықтың 80 жылдығына және саяси қуғын-сүргін – «Үлкен террордың» 75 жылдығына арналған 2012 жылы 23 мамырда өткізілген «Мәңгілік халық жадында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция туралы мәлімет.2012 жылы 23  мамырда Алматы қалалық әкімдігі, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы, Республикалық саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының ұйымдастыруымен  «Мәңгілік халық жадында» аттығылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Алматы қаласының әкімінің орынбасары Сейдуманов Серік Тұрарұлы ашып, ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылықтың 80 жылдығы және саяси қуғын-сүргіннің 75 жылдығына байланысты өткізіліп отырған іс-шаралар, болашақта Астана, Алматы қалаларында өткізілуі тиіс  жоспарланып отырған іс-шаралар, нақтырақ айтқанда: келешекте Астана қаласында тарихи мұражай салынатынын, оның  1-қабаты тұтастай саяси қуғын-сүргін құрбандары, 1921–1922, 1931–1933 жж. ашаршылық қасіретінің зардабын тартып, шет жерлерге ауып кеткен қазағымыздың тағдырына арналатыны, сонымен қатар Алматы қаласы мұражайының кеңейтіліп, арнайы қоныс бөлінетіні, соның ішінде қуғын-сүргін құрбандарына арналған арнайы бөлім болатыны жайында ой бөлісті. Конференцияға арнайы шақырылған қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, мәдениет және қоғам қайраткерлері, журналистер Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Тұрарұлы Сейдуманов мырзаға өздерін толғандырып жүрген мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, қанағаттанарлықтай жауап алды.

Конференцияда сөз алған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология и нститутының директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов «Қазақ қасіреті: қылмыс пен жаза» тақырыбына Қазақстандағы 1920–1930 жж. ашаршылықтың себептері, барысы, салдарлары жайында ғылыми негізде баяндама жасады. Сонымен қатар институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, ашаршылық, қуғын-сүргін мәселелерін тереңінен зерттеп жүрген ғалым Қ.С. Алдажұманов «Қазақстандағы Үлкен террор және оның зардаптары» тақырыбында, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Қапаева «Қазақстан интеллигенция өкілдеріне қарсы репрессия» тақырыбында, тарих ғылымдарының докторы С.О. Смағұлова «Қазақстандағы 1921–1922 жж. ашаршылық: себептері мен зардаптары», тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ж. Өскенбаева «Әлімхан Ермековтің қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбында баяндамалар жасап, конференцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Конференцияға қатысушылар еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Конференция қорытындылай келе, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Тұрарұлы Сейдуманов ұйымдастырушыларға рахмет айтып, болашақта осындай басқосулардың жиі болып тұруы тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің ашылуына, әлі де болса аты аталмай, көлеңкеде қалып қойған арыстарымыздың есімдері аталып, зерттеу нысанына айналатынына үміт артатынын білдірді.

Фотоархив

Увеличить картинку   Увеличить картинку   Увеличить картинку   Увеличить картинку   Увеличить картинку