Тарихшы-мұғалімдердің шығармашылық кездесу

2013 жылы 28 сәуірде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қызметкерлері мен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданынан келіп, Алматы қаласында біліктілігін жетілдіру курсында жүрген 15 тарихшы-мұғалімдердің шығармашылық кездесу өтті.
Институт басшылары келген қонақтарға институттың басым бағыттары мен алда болатын конференциялармен таныстырды. Директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.А. Атығаев Институттың басты ғылыми бағыттары, Қазақстанның орта ғасыр дәуіріндегі тарихнама және деректану және тарихи зерттеулерде инновациялық технологияны пайдалану және т.б. мәселелер жөнінде айтты. Институттың “Ғылыми Қазына” бойынша 20 кітаптан тұратын 10-томдық “Отан тарихы / История Отечества” жобасын дайындап жатқандығы жөнінде қысқаша мағлұмат берді.
Инстиуттың ұйымдастыру және коммерциялық мәселелері бойынша орынбасары, т.ғ.д., доцент С.О. Смағұлова 18 сәуірінде болатын “Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басымы” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өңірлердегі тарихшы-мұғалімдердің қатысуға мүмкіндіктері бар екенін айта келіп, онда қаралатын тарих философиясы, методологиясы және тарихнамадағы инновациялық тұжырымдар, тарих ғылымындағы және тарихты оқытудағы жаңа технологиялар, деректану мен археография салаларын инновациялық тұрғы дадамыту және патриотизмді қалыптастырудағы тарихтың орны мен рөлі және т.б. мәселерге тоқталды және келген қонақтарды Ш.Ш. Уәлиханов атындағыТарих және этнология институты базасында шығатын “Отан тарихы” журналына жазылуға шақырды.

Кездесу барысында Институттың жетекші ғылыми қызметкерлері мен бөлім меңгерушілері өздерінің істеп жатқан жұмыстары жайлы баяндап берді. «Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері» бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., доцент А.И. Құдайбергенова бөлім қызметкерлерінің тарихи демография, оның әдістемесі, Қазақстанның халықтану тарихы және т.б. мәселелерді зерттеумен айналысатындығын айтты.
Қазіргі таңда бөлім қызметкерлері екі гранттық «Қуғын-сүргін» санағы (Қазақстан халқы 1937 және 1939 жылдардағы Бүкілодақтық халық санақтары бойынша: қорытындылары және сабақтары) және «Қазақстан халқының көпэтностық құрамының қалыптасуы мен дамуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың бас кезі)» деген тақырыптар бойынша іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырғандығына атап өтті. Сонымен бірге 2012 жылдан бастап ҚР БҒМ-нің «Ғылыми қазына» ғылыми бағдарламасы аясында даярланып жатқан «Қазақстан тарихы» 10 томдығының «Шетелдегі қазақтар. Отандастардың қайта оралуы» атты кітаптың жазылып жатқандығынкелтірді. Сонымен бірге «Қуғын-сүргін» санағы (Қазақстан халқы 1937 және 1939 жылдардағы Бүкілодақтық халық санақтары бойынша: қорытындылары және сабақтары) атты жоба негізінде 1937 және 1939 жылдары жүргізілген Бүкілодақтық халық санағының Қазақстан бойынша, Ресей мен Қазақстан мұрағаттарынан табылған материалдар негізінде құжаттар жинағының дайындығына тоқталды.
Ерте және ортағасыр Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., профессор Қ. Зардыхан ұстаздарға өмір мен шығармашылық жолындағы кездескен қызықты сәттерін баяндап берді. Моңғолияда туылып, сол елдің Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін бітіріп, кандидаттық және докторлық жұмысын КОКП ОК құрамындағы ҚҒА-да қорғаған өзі атажұртқа 1994 жылы оралғандығын, 1997 ж. бастап Тарих және этнология институтында қызмет етіп, 14 монография (2 моңғол тілінде, қалғандары қазақ тілінде) шығарғандығын, өзінің Қазақстанның мемлекет ретінде даму тарихы және Қазақстан тарихының моңғол кезеңіне қатысты екі бағытта зерттеу жүргізіп отырғандығын айтты. Ғалым «Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдері тарихы» бөлімінің қызметіне де тоқталып, бөлімнің қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасу тарихын зерттеп отырғандығын атап өтті.
Ғалым соңғы уақытта Шыңғысхан өмірбаяны мен тарихын жалған тарихшылардың дөрекі бұрмалаушылыққа жол беріп, кітаптар мен мақалалар шығарып отырғандығын қынжыла баяндады.
Тарихнама, деректану және заманауи методологиясы бөлімінің меңгерушісі т.ғ.д., доцент К.Ш. Әлімғазин ұстаздарды өзі басқарып отырған бөлім қызметімен таныстыра, ғылыми үрдістердің ақпараттандыру бағытында тарихи зерттеу негізінде жаңа методологиялық негіздемелерді меңгеру және енгізу сияқты бағытта жұмыстарды жүзеге асырып отырғандығын атап өтті. Сонымен бірге Институт бөлімдерінің мамандырылған бағыттарына сәйкес Қазақстан тарихының жаңа эмпирикалық мәліметтерін жинау, қайта өңдеу және жүйелеу, ғылыми сұрыптаулар жүргізу, ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау, гуманитарлық бағытында координация және басқару әдістерін жетілдіру, ғылыми-популяризациялық сияқты жұмыстарды атқарып отырғандығын келтірді. Қазіргі уақытта бөлім қызметкерлері «Отан тарихы» аты журналы мен Институттың сайтының (www.iie.kz) негізгі функционалды қызметін атқарып, ғылыми-зерттеу қызметінің қорытынды жұмыстарын бір жүйелі электронды ақпаратты енгізу бағдарламасын іске асырып отырғандығына тоқталды.
Этнология және антропология бөлімінің бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай ежелгі кезеңнен жаңа кезеңге дейінгі қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін зерттелу барысына тоқтала келе, өзі қызмет етітін бөлім Қазақстанның бүкіл аймақтары, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстанға экспедициялар ұйымдастырып, материалдар жинастырудың нәтижесінде «Қазақтардың салт мен әдет-ғұрпы» атты 2 томдық еңбегі даярланып, басылып шыққандығын, өзінің жеке 20 жылдық зерттеуім қазақ жылқын зерттеу нәтижесінде «Қазақ жылқысының тарихы» атты еңбегім жарық көргендігін, алғаш рет ғылыми айналымға 600 термин, түсінік және фразеологизмдер енгізілгендігін, қазір кітап орыс және ағылшын тілдерінде даярлану үстінде екендігін атап өтті.
«Қазақстанның жаңа заман тарихы» бөлімінің меңгерішісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик бөлімнің сандық құрамы және басым жұмыс бағыттарына тоқтала келе, бөлім қызметкерлері «Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрес тарихи және әлеуметтік-саяси феномен ретінде (XVIII- XX ғғ. басы)», «Төңкеріске дейінгі Қазақстандағы жер қатынастары: тарихы, теориясы және практикасы» гранттық тақырыптарда зерттеу жүргізіп жатқандығын айтты. Сонымен бірге «Ғылыми қазына» бағдарламалы-мақсатты жобасы негізінде бөлім қызметкерлері «Қазақстан тарихы» көптомдығына қатысып отырғандығына да тоқталды.
Кездесу барысында ұстаздар өздерін мазалаған Қазақстан тарихы бойынша тестілеудегі қате қойылған сұрақтар, тарихи оқиғалардың әр түрлі деректер мен оқулықтарды әр түрлі жазылуы, ҰБТ-дағы даулы сұрақтарды шешуде көмек беру, мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдісі туралы мәселелер жөнінде ойларын ортаға салды.
Кездесу соңынан Солтүстік-Қазақстан облысы Айыртау ауданынан келген тарихшы ұстаздар «Ғылым ордасы» мұражайларын тамашалады.