Апталық шолу: 15.04.2013 – 21.04.2013 ж.

16.04.13. «Алматы ақшамы» газетінде Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжановтың «Қаныш – құбылыс» мақаласы жарияланды.

17.04.13. Кезекті Дирекция отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі басты мәселе «Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізудегі дайындық барысы талқыланды.

18.04.13. Институт пен Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі бірігіп «Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция жұмысына Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстан ғалымдары қатысты. Ұлттық тарихты жазу проблемалары сонымен қатар Отандық тарихтың кейбір өзекті мәселелері талқыланды.

19.04.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Ақ Ордададағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бойынша аналитикалық жүйелер мен зерттеу жұмыстарын құру бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыс жұмысына қатысты.

19.04.13. Директордың ұйымдастыру және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары, т.ғ.д., доцент С.О. Смағұлова Түркістан қаласындағы Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткізілген «Мәдени ықпалдастық және өркениеттер бірлігі» V Халықаралық Түркология конгресіне қатысып, «Түркі халықтарының латын әліпбиіне көшу тарихы» тақырыбында баяндама жасады.

19.04.13. Институттың ғылыми хатшысы, Ph.D. А.П. Ермұхамедова Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих факультетінде өткен «Этникалық және конфессияаралық толернаттылықтың қалыптастырудағы білімнің рөлі» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысып, «Ортағасыр кезеңіндегі Шығыс мұсылман қайраткерлерінің толеранттық мысалдары» (Салах ад-Дин мысалында)» тақырыбында баяндама жасады.

19.04.13. «Алаш айнасы» (№ 65 (976) газетінде Тарихқа жаңа көзқарас керек» атпен жарияланған сұхбатта Директордың ұйымдастыру және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары, т.ғ.д., доцент С.О. Смағұлова, ҚР ҰҒА академигі О. Смағұлов, Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов Институт пен Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі бірігіп өткізген «Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында көтерілген мәселелерге тоқталды.