Төле би және ұлттық тарих

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
 
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
 
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2013 ж. 11 маусымында Төле би Әлібекұлының туғанына 350 жыл толуына орай Республикалық ғылыми конференция өткізеді.
Конференция тақырыбы: «ТӨЛЕ БИ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ»
Конференцияның негізгі бағыттары:
1.      Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Төле бидің рөлі мен орны.
2.      Билердің құқықтық-шығармашылық қызметі.
3.      Билер институтын зерттеудің теориялық-методологиялық қырлары.
4.      Қазақ билеріне қатысты тарихи деректер.
5.      Халық шығармашылығындағы билер бейнесі.
6.      Билер институты – қазақ мемлекеттілігі дамуының факторы.
Конференцияға қатысу үшін өтінішті Ұйымдастыру комитеті адресіне жіберу керек:
1. Ұсынылған форма бойынша өтініш;
2. Мақала мәтіні қағаз және электронды түрде.
Хат тақырыбында көрсету керек: алғашқы автордың аты-жөні – мақала.
 
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2013 жылдың 31 мамырына дейін мына мекен-жайға:050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Конференцияның Ұйымдастыру комитеті.
Байланыс телефоны және факс:
Байланыс телефоны: 8 (727) 261 16 35; 261 17 58.
Факс: 8(727) 261-67-19
Ресми өтініш пен тезистер (тек қана бекітілген файлда) төмендегі электрондық адрестерге жіберіледі.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады.
Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).
 
Аты-жөні (толық)
__________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):
 __________________________________________________________
Лауазымы: _________________________________________________
Ұйымның толық атауы:
 _________________________________________________________
Байланыс телефоны:
 _________________________________________________________
Автордың адресі:____________________________________________
Факс, E-mail
 _________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы