Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 06-12.05.2013


06.05.13. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: тарихтың «ақтаңдақтары» тақырыбында Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да Жеңіс Күнін мерекелеуге арналып өткізілген ғылыми конференцияда баяндама жасады.

06.05.13.
 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Ұлы Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі» тақырыбында Алматы тарихы мұражайында өткізілген «Ұлы Отан соғысы» атты дөңгелек үстелінде баяндама жасады.

06.05.13. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Қазақстан» телеарнасына «Соғыстың «ақтаңдақ беттері» тақырыбы бойынша сұхбат берді.

08.05.13. Отан қорғаушылар Күнін және Жеңіс Күнін мерекелеуге арналған кеңейтілген Ғылыми кенес өткізіліп, Институтта ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Т.Б. Балақаев и Н.Е. Едігенов және тыл ардагері БҒК, академик М.Х. Асылбековке құрмет көрсетілді.

08.05.13. Институтта Отан қорғаушылар Күнін және Жеңіс Күнін мерекелеуге арналған «Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында» дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Ұлы Отан соғысы және Қазақстан» тақырыбында негізгі баяндаманы жасады. Сонымен қатар директордың орынбасары, т.ғ.д., доцент С.О. Смағұлова, АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева, АҒК, т.ғ.к. С.А. Асанова, АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова және ҒК А.Т. Саурықова ғылыми хабарлар жасады.

08.05.13. Институт ұжымы шетел ғалымдары – Стивен Уиткрофт (Назарбаев Университетінің профессоры) және Катрин Кларк (Йель университетінің профессоры / АҚШ) кездесу өткізді. Кездесу барысында ХХ ғ. аштық проблемаларының зерттелуі барысы талқыланды.

08.05.13. «Казахстанская правда» (№ 160 (27434) газеті «Тікелей сөз» айдарында институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжановтың Отан қорғаушылар тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

08.05.13. «Түркістан» (№ 18) газетінде Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ, т.ғ.к. Қ.К. Қожаханованың «Қазақстандағы көп этнос қалай қалыптасты?» атты мақаласы жарық көрді.

09.05.13. «Алматы ақшамы» (№ 57 (4775) газетінде Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ, т.ғ.к. Қ.К. Қожаханованың «Соғыс және ұлт тағдыры» атты мақаласы жарияланды.

09.05.13. «Президент және халық» (№ 19) газетінде Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ, т.ғ.к. Қ.К. Қожаханованың «Қазақстандағы көп этностық ахуал» мақаласы жарыққа шықты.

10.05.13. «Central Asia Monitor» (№ 18 (438) газетіне Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұмановтың «Бәріне бір… соғыс тарихының «ақтаңдақтары туралы» сұхбатының жалғасы жарияланды.

12.05.13. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Қинаятұлы З. «Білім» телеарнасына «Қазақ тарихының бүгінгісі мен ертенгісі» тақырыбы бойынша сұхбат берді.

12.05.13. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Хабар» агенттігі «Жеті күн» бағдарламасына «Қазақ ұлттық әскер құрамалары: 106 атты әскер дивизиясы» тақырыбы бойынша сұхбат берді.