Апталық шолу: 17.06.2013-24.06.2013 ж.

18.06.13. Институтта ғылыми қызметкерлердің қатысуымен «Ұлттық тарихты зерттеу және Институт ғалымдарының міндеттері» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өтіп, Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжанов, академик Х.М. Асылбеков, т.ғ.д. З. Қинаятұлы, профессор С.Ф. Мажитов, профессор С.Е. Әжіғали, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай, профессор В.З. Ғалиев, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова, т.ғ.к. С.К. Рүстемов, т.ғ.к. Қ.З. Өскенбай, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев өз баяндамаларын жасады.

18.06.13. «Егемен Қазақстан» газетінің №150 (28089) санына академик М.Х. Асылбековтың «Отан тарихы туралы ой» тақырыбында мақаласы жарияланды.

19.06.13. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов «Алматы» телеарнасында «Ұлы дала өркениеті» бағдарламасына қатысты.

21.06.13. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі С.Е. Әжіғали «Бүгінгі қазақ диаспорасының эстетикалық және этникалық құндылықтары» атты дөңгелек үстелде «Орта Азиядағы қазақ диаспорасы этномәдени зерттеулеріндегі кейбір қорытындылары» (Моңғолия, Қытай, Ресей) тақырыбында баяндамасын жасады.

21.06.13. Институт директоры Х.М. Әбжанов, профессор Ж.Б. Абылхожин, т.ғ.д. З. Қинаятұлы және т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов «Казахстанская правда» газетінің ұйымдастыруымен өткен «Тарихи білім және ұлттық таным» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел туралы ақпарат А. Тұрысбековтың «Аңыздан ақиқатқа» мақаласында баяндалады (Казахстанская правда. № 214-215 (27488-27489).

21.06.13. Ғылыми қызметкерлер К.Қ. Нұрымбетова, Р.Д. Көбеев, М.Р. Сәтенова, А.К. Омарова, Г.А. Омарова және Ж.Н. Тоқтарбаева «Мүмкіндігі мол Ұлттық кітапханамен танысу» семинарына қатысты.

21.0.613. «Қазақ әдебиеті» газетіне директордың орынбасары т.ғ.д. С.О. Смағұлованың «Өткен мен болашақ рухани азудан сақтайтын ғылым» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

21-27.06.13. «Central Asia Monitor» газетінің №24 (444) санына Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов және Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Өткенге оралу. Ұлттық тарихтың басымдықтары» тақырыбындағы сұхбатының жалғасы жарияланды.

Мәскеуде Ежелгі және ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Қ. Өскенбайдың «Султан справедливый, величие мира и веры Токтагу хан» (690/1291-712/1312-1313 гг.) (Нумизматический источник о распространении ислама в Улусе Джучидов) / От Онона к Темзе. Чингизиды и их западные соседи – From the river Onon to Thames. Chingizids and Their Western Neighbors: (Марк Григоревич Крамаровскийдің 70-жылдығына арналған (жинақ) / құрастырушы-ред.: В.П. Степаненко, А.Г. Юрченко). – М.: Марджани баспа үйі, 2013. – 273-332 бб. П.Н. Петровпен бірлескен мақаласы жарық көрді.

Ғылыми хатшы, Phd А.П. Ермұхамедованың «Низам аль-Мульк: критический анализ деятельности сельджукского визиря» атты мақаласы 15-16 мамырда (2013 ж.) Украинаның Луганск қаласында танымал арабтанушы, тарихнамашы, профессор В.М. Бэйлистің 90-жылдығына арналған «Деректану, тарихнама және Шығыс тарихы мәселелері» тақырыбында өткізілген Халықаралық ғылыми конференция материалдары жинағына жарияланды.