Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 09-14.07.13


10.07.13.Ұлттық тарихты зерттеу мәселесіне қатысты, Институт және «Егемен Қазақстан»  газеті баспасымен бірлесе «Отан тарихы: елестен ақиқатқа» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге институт директоры Х.М. Әбжанов, ҚР ҰҒА академигі С.С. Сартаев, профессор Т.О. Омарбеков, ҚР ҰҒА кор. – мүшесі Р.Б. Абсаттаров, профессор Ғали Әзімбай, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Г.К Кенжебаев, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімшесі бастығы К.Г. Аманжол, институттың ғылыми қызметкерлері С.О. Смағұлова, Г.Н. Ксенжик, Қ.С. Алдажұманов, А.Т. Саурықова қатысты. Институт директоры Х.М. Әбжанов «Ұлттық тарих және жаңа методология» тақырыбында баяндама жасады.

10.17.13. Институт директоры Х.М. Әбжанов, директордың орынбасары С.О. Смағұлова және Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ Қ.С Алдажұманов Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай «Хабар» телеарнасына сұхбат берді.

10.07.13. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Р.И. Оразов және Н.Ы. Жетпісбай «Алматы телеарнасындағы Ұлы дала өркениеті» бағдарламасына «Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс» тақырыбында сұхбат берді.

10.07.13. «Қала мен Дала» газетіне Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенованың «Халықтану ғылымы қалаймақан болмасын» атты мақаласы жарияланды.

11.07.13. «Вечерний Алматы» газетінің №85-86 санына Сыртқы байланыс бөлімінің ҒҚ Р.Д. Кубеевтің «К процветанию через полиэтничность» тақырыбында сұхбаты жарияланды.

11.07.13. «Алматы Ақшамы» газетіне Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұмановтың «Жаңа тек шындыққа құрылады» тақырыбында сұхбаты жарияланды.

11.07.13 Сыртқы байланыс және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі С.К. Рүстемов ұлттық тарихты зерттеуге байланысты «Хабар» телеарнасындағы «Біз» бағдарламасына қатысып сөз сөйледі.

14.07.13. «Аңыз адам» журналының №14(74) санына Салах ад-Дин және Алып Арслан сұлтандар қызметіне орай, Ғылыми хатшы, Ph.D А.П. Ермұхамедованың «Алып Арслан – Ислам діні жолында күрескен ортағасырлық Шығыстың ең талантты билеушісі» атты сұхбаты жарияланды.