Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 15-21.07.13.


16.07.13. «Егемен Қазақстан» газетінің (№171 (28110) санына ұлттық тарихты зерттеуг мәселесіне қатысты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология инстиутында өткізілген  «Отан тарихы: елестен ақиқатқа» атты дөңгелек үстел материалдары «Ұлттық тарих: ақтаңдақтан ақиқатқа» тақырыбында жарияланды.

16.07.13. «Вечерний Алматы» газетінің (№88) санына Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаеваның «Четыре гранитных столпа» тақырыбында мақаласы жарыққа шықты.

16.07.13. «Айқын» газетінің №(126 (2281) санына Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің ҒК Ж.К. Спабековтың «Тарихи жадымызды жаңғырту керек» тақырыбында мақаласы жарияланды.

17.07.13. «Айқын» газетінің №(127 (2282) санына Этнология және антропология бөлімінің ҒК А.К. Омарованың «Тарихты зерттеуде тіл мамандары аса қажет» тақырыбында мақаласы жарыққа шықты.

17.07.13. «Казахстанская правда» газетінің №(234 (27508) санына Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімінң меңгерушісі, т.ғ.к. Қ.З. Өскенбайдың Қазан қаласында (Татарстан) шыққан «ХІІІ-XVI ғасырдың басындағы Шығыс Дешті Қыпшақ. Жошы ұлысы тарихының этносаяси тарихы» монографиясы төңірегінде «Тарих толқынындағы халық»  («Народ в потоке истории») айдарында сұхбаты жарияланды.

19.07.2013. Айқын газетінің №129 (2284) санына Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан тарихы мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д. Зардыхан Қинаятұлының «Тарихты талғаммен жазу керек» тақырыбында берген сұхбаты жарияланды.

19.07.13. «Президент және халық» газетінің (№29 (411) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. К. Нұрымбетованың «Ұлттық сана – ұлттық тарихтан» тақырыбында мақаласы жарыққа шықты.

20.07.13. «Литер» газетінің (130 (2288) санына Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мажитовтың «Царица наук» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

20.07.13. «Егемен Қазақстан» газетінің №174 (28113) санына Этнология және антропология институтының БҒК, т.ғ.д. А. Тоқтабайдың Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Қазақ жылқысының тарихы» атты кітабы туралы қоғам қайраткері М. Әуезов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Н. Кикебаев және т.ғ.к. Х. Ахметжанның пікірлері жарияланды.