Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақ көтерілістері: ақтаңдақтардан ақиақатқа» атты ғылыми-тәжірибелік конференция


11 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі, «Нұр-Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығының ұйымдастыруымен «Тұран» университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының тәуелсіздің күніне арналған «Қазақ көтерілістері: ақтаңдақтардан ақиақатқа» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оның жұмысына қоғам қайраткерлері,  белгілі ғалымдар мен  желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар қатысты.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан баяндама жасаған бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д., профессор В.З. Ғалиев XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы мәселелеріне,  сол кездегі қазақтардың тәуелсіздік жолындағы күрес барысына қатысты тоқталса, институт директорының орынбасары т.ғ.д. С.О. Смағұлова 1916 жылғы маусымдағы патша жарлығына қатысты Алаш зиялыларының ұстанымдарын саралап, тарихи баға беруге тырысты. Т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик Кенесары Қасымұлының көтерілісі болған жерле жайында тың деректер келтірді.