Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Тарихшылардың Ұлттық конгресі 2014  жылдың 17 сәуірінде 10 томдық «Отан тарихын» жазуға арналған «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік Ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ

АҚПАРАТ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Тарихшылардың Ұлттық конгресі 2014  жылдың 17 сәуірінде 10 томдық «Отан тарихын» жазуға арналған «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік Ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр. Еліміздегі, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі белгілі маман тарихшылар қатысатын осы конференцияның жұмысы барысында мынандай мәселелер талқыланады:

– әлемдік тарихи кеңістіктегі Қазақстан;
– ұлттық идея тарих толқынында;
–  көптомдық «Отан тарихы»: идеялар мен іркілістер.

 

Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы Ұйымдастыру мекен-жайына жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.
2. Мақала мәтіні 10  бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2014 жылдың 05 сәуіріне дейін мына мекен-жайға:
050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28
ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефоны және факс:
Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727) 261-17-58, 8 (727) 272-68-46.
Факс: 8(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru; knurumbetova@mail.ru

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.
Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

МАҚАЛЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және Отан тарихын зерттеу міндеттері

  Нұрымбетова К.Қ.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

            Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].

­­­­­­­­­­­­­­­­­­

­­­­­­­­­­________________

1 Нүрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері: тарихи талдау (1991-2008 жж.).  – Алматы: Нұрай Принт Сервис, 2011. – 128 б.
2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.
3 Адам құқығы жөніндегі комиссия жұмысы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

 

«Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік Ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ____________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _________________________

Лауазымы: ________________________

Ұйымның толық атауы: _______________

Байланыс телефоны: _________________

Автордың адресі:_____________________

Факс, E-mail ________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:______________________

Қонақ үй қажеттілігі:__________________