Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

 

 

АҚПАРАТ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2014 ж.  29-сәуірде ғұлама ғалым, қазақ халқының ардақты перзенті Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы» тақырыбына  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

1-секция. Тұлға және оның Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы рөлі.

ІІ-секция.  Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері.

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2014 жылдың 21 сәуіріне дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ.,  Шевченко к., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

 

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 261 16  35

Факс: 8(727) 261-67-19

Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электонды адреске жіберуіңізге болады:

E-mail: kazhistory@bk.ru  g_uskembaeva@mail.ru  

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 

Ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев

Өскембаева Г.Ж.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

            Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].

 

­­­­­­­­­­­­­­­­­­

­­­­­­­­­­________________

 

1 Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері: тарихи талдау (1991-2008 жж.).  – Алматы: Нұрай Принт Сервис, 2011. – 128б.
2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.
3 Адам құқығы жөніндегі комиссия жұмысы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

 

 

Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлт пен дәуірдің ұлы  тұлғасы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) __________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _____________________

Лауазымы: ______________________________________

Ұйымның толық атауы: ______________________________

Байланыс телефоны: ________________________________

Автордың адресі:____________________________________

Факс, E-mail _______________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:________________

Қонақ үй қажеттілігі:_________________________________

 

 

Ұйымдастыру комитеті