V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2014 ж. 20 мамыр

Институтта Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастыруымен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы тарихшы жас ғалымдардың міндеті» атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференция Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және Елбасының 2014 ж. Жолдауы аясында өткізілді. «Қазақстан 2050» ұзақ мерзімді бағдарламасы, сонымен бірге «Бір бағыт, бір мүдде, бір болашақ» жоспары алдағы жылдардағы ел дамуы жолдарын  айқындап бере отырып, жастарға негізгі міндеттерді жүктегені белгілі.

Конференция жұмысына отандық, алыс және жақын шетелдерден жас мөлшері 35-ке дейінгі тарихшы-ғалымдар қатысты. Белорусия, Өзбекстан, ҚХР, Туркия, АҚШ мемлекеттерінен жас ғалымдар түрлі тақырыптарда өз ғылыми баяндамаларын жасады. Конференцияда академиялық және ғылыми-зерттеу мекемелерінен ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындары оқытушылары, докторанттары, магистранттары, сонымен қатар студенттері, орта және арнайы орта білім беру орындарының «тарих» пәні мұғалімдері, мұрағат және мұражай қызметкерлері қатысты.

Конференция жұмысы Институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Конференция жұмысын т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі М.Х. Асылбек, «Ғылым Ордасы» РМК директорының орынбасары Н.Б. Сейдін,  «Дін, құқық және саясат» тәуелсіз аналитикалық орталығының директоры К.К. Маликов (Қырғызстан) өз құттықтауларын жасап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференция қонақтары – Мичиган университеті антропология факультетінің докторанты, өнер магистрі Меган Баркер (Энн Эрбор, Мичиган, АҚШ), AREL университеті Халықаралық қатынастар факультетінің докторанты (Туркия, Стамбул қ.) Сердар Йилмаз және т.б.

Конференцияға қатысуға 100 шақты мақала келіп түсті, олардың 14-ін шетелдік мақалалар құрайды. Конференция жұмысы мынадай бағыттар бойынша жұмыс атқарды: «Қазақстан 2050» бағдарламасы»: ғылым және жастар; Отан тарихы; Әлем тарихы; Тарихнама және деректану; Археология, этнология және антропология. Ұзақ мерзімді бағдарлама аясында ғылым мен жастардың өзара байланысы мәселесін жүзеге асыруда «Қазақстан -2050» бағдарламасы: ғылым және жастар» секциясы жұмыс атқарды. Баяндама тақырыптары отан тарихы, әлем тарихы, тарихнама және деректану, археология және этнология ғылымдарына қатысты өзекті мәселелерді қамтыды.