М.-А.Х. Асылбектің 85 жасқа толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институтының конференц-залында танымал ғалым, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбектің 85 жасқа толуына арналған «Қазақстан тарих ғылымының өзекті мәселелері мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция жұмысы Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, ҚР ҰҒА Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі, профессор С.Ж. Піралиевтің сөзінен бастады.

Академик М.-А.Х. Асылбектің өмір жолымен конференцияға келген қауымды таныстырған ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Е. Көмеков ғалымның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне арнады. Баяндамашы мерейтой иесі М.-А.Х. Асылбектің ғылыми еңбектері отандық тарих ғылымымен қатар, алыс және жақын шетелдерде құнды деп бағаланып отырғандығын айта келе, тарихшының тарихи демография, тұлғатану мәселелері бойынша ірі тұлғалардың ғылыми мұрасын зерттеудегі рөлі төңірегінде баяндады.

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының  директоры, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Х.М. Әбжанов ғалымның институттағы еңбегіне тоқтала келе, аға буын тарихшы-ғалымдардың батасын алған білім мен ғылымның «төлқарасы» деп бағасын берді.

Сөз алған т.ғ.д., профессор У.Х. Шәлекенов Экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері А.Қ. Қошанов академик М.-А.Х. Асылбектің тарих ғылымына қосқан үлесінің айрықша екендігін айта келе, мерейтой иесіне ізгі ниеттер тіледі.

Сөз кезегін алған ҚР ҰҒА президенті, академик М.Ж. Жұрынов тарихшылардың бүгінгі таңдағы жетістіктері, тарих ғылымының маңыздылығы мен өзектілігіне тоқтала келе, ғалымды ҚР ҰҒА «Құрмет» грамотасымен марапаттаса, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы Т. Мекебаев мерейтой иесінің ғылымдағы орны мен қызметіне тоқтала келе, академикті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан құттықтау сөз жолдап, университеттің 80-жылдық мерейтойына арналған алтын медальды табыс етті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетінің деканы Ж.Қ. Таймағамбетов ғалымның отандық тарих ғылымындағы рөлін атап өтсе, т.ғ.д., профессор Қ.Т. Жұмағұлов  академиктің ғылымдағы ғана емес, білім беру саласындағы ерен еңбегіне тоқталды, т.ғ.д., профессор С.М. Мәшімбаев, т.ғ.д., профессор А.Ш. Алтаев өз құттықтау сөздерін жасады.

Академик М.Х. Асылбекті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Сырдария университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінен, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің, І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінен, ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайынан келген өкілдер мерейтойымен құттықтап, ғалым жолында табыстар тіледі.