Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2016 жылы 14 желтоқсанда «Академик Р.Б.Сүлейменов – дарынды ғалым, ақылшы ұстаз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелде келесі мәселелер қарастырылады:
1. Р.Б.Сүлейменов – ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар тарихшысы, мәдениет мәселелерінің зерттеушісі
2. Р.Б.Сүлейменов және қазақстандық тарих ғылымының дамуы
3. Р.Б.Сүлейменов – Қазақстандағы Шығыстану институтының негізін қалаушы
Дөңгелек үстел жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2016 жылдың 12 желтоқсанына дейін мына мекенжайға жіберу керек:
050100 Алматы қ., Шевченко к., 28
ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті
Байланыс телефондары және факс:
Байланыс телефондары: 8 (727) 261-67-19, 261-16-35, 272-46-55
Факс: 8(727) 261-67-19
Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электронды адреске жіберуіңізге болады:
E-mail: kla46@yandex.ru
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, солжағы – 3, оңжағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет.
Мақалада сілтемелер тік жақшамен беріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.
Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ
Қазақстандағы көші-қон үдерісінің басқарылуы (1917-1939)

Құдайбергенова А.И.
Тарих ғылымдарының докторы, доцент
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
(Алматы, Қазақстан)

 

Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].
________________
1 КРОММ. – 5-қ., 7-т., 77-іс, 14-15-п.
2 Нұрман Ш.Т. Кеңестік биліктің Қазақстандағы қоныс аудару саясатының
тарихы (1920-1941 ж.): тарих ғыл. канд… автореф. – Алматы, 2004. – 32 б.
3 Зарафутдинов 3. Қазақ жерін нақтылау жұмыстары // Қазақ тарихы. – 2001. – №4. – 45-48-б.

«Академик Р.Б.Сүлейменов – дарынды ғалым, ақылшы ұстаз» тақырыбында өтетін дөңгелек үстелге

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):_____________________________________________
Лауазымы: _____________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: ________________________________________________________
Байланыс телефоны: ________________________________________________________
Автордың адресі: ___________________________________________________________
Факс, E-mail _______________________________________________________________
Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________