Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2016 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ МҰРАТЫ» атты ғылыми-тәжірибелік Дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында мынандай өзекті мәселелер талқыланады:

  •  Ұлы дала елі және «Мәңгілік Ел» идеясы: тарихы мен тағлымы;
  • Тәуелсіздік даңғылы: қазіргі қазақстандық қоғамның даму жолдары, кезеңдері және тәжірибесі;
  • «Мәңгілік Ел» платформасының ұлттық патриотизмді тәрбиелеудегі орны мен рөлі;
  • Тәуелсіздік тарихының зерттелу барысы мен бағыттары;
  •  Желтоқсан оқиғасы: себептері мен сабақтары.

Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы Ұйымдастыру мекен-жайына жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.

2. Мақала мәтіні 5-7 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2016 жылдың 20 қазанына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727) 261-17-58, 8 (727) 272-68-46.

Факс: 8(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru; tolenova@mail.ru

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 5-7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

МАҚАЛЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 М. ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС МӘСЕЛЕСІ

Төленова З.М.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

 

Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________________

1 Национально-освободительное восстание казахских трудящихся против царизма в 1916 г. Сб. Воспоминание и материалов / Сост.: С. Шарипов. – Алма-Ата: Каз. Госиздат, 1937. – 316 с.

2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.

3 Ташкент мұсылмандарының демонстрациясы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

 

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ МҰРАТЫ» ғылыми-тәжірибелік Дөңгелек үстел жұмысына

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Қонақ үй қажеттілігі:___________________________________________________________