Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ШОЛУ 28-04.11.2016 ж.


29.11.2016. «Ғылым ордасы» конференц-залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – ұлт көшбасшысы күніне арналған халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Саят Ақбасовтың «Күйкөненің күмбірі»мерекелік концерті өтті. Іс-шарада институт қызметкерлері: директор орынбасары, т.ғ.д. С.Ә. Смағұлова, ғылыми хатшы PhD А.П. Ермұхамедова, ғылыми қызметкер К.А. Саркенова, ғылыми қызметкер Д.Ж. Жайлыбаев, ғылыми қызметкер Р.Д. Кубеев қатысты.

30.11.2016. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті жиыны болды.
Жиын ашылуынан кейін белгілі тарихшылар К.Л. Есмағамбетов және З. Қинаятұлының дүниеден өтуіне байланысты бір минут үнсіздік сақталды.
Институт директоры Х.М. Әбжанов жиналғандарды Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – ұлт көшбасшысы күнімен құттықтады және Тұңғыш президенттің Қазақстан тарихындағы рөлін, мемлекетті дамытудағы еңбегін атап өтті.
Ғылыми кеңес жиынының күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1) 2016 жылғы прокурорлық тексерістің қорытындысы (баяндамашылар – Б.Р. Қосбармақов , И.А. Яшенкова);
2) «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасына арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың конференция баяндамаларын дайындау (2016 ж. желтоқсан) (баяндамашы – Институт директоры Х.М. Әбжанов);
3) Институт құрылымын қайта ұйымдастыру (баяндамашы – Институт директоры Х.М. Әбжанов);
4) IV-і Нүсіпбеков оқуларын өткізу (баяндамашы – директор орынбасары С.Ә. Смағұлова);
5) Институт магистранттары мен докторанттарының жарты жылдық есебін тыңдау (магистранттар мен докторанттар, ғылыми жетекшілер);
6) Әр түрлі.

30.11.2016. «Аманат» (РГП «Ғылым ордасы») киноклубында Алматы қаласының ғылыми қауымына кинорежиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты фильмі көрсетілді. Іс-шарада институт қызметкерлері: директор орынбасары, т.ғ.д. С.Ә. Смағұлова, ғылыми хатшы PhD А.П. Ермұхамедова, ғылыми қызметкер А.Т. Саурықова, аға лаборант М.Т. Морякова қатысты.