Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ШОЛУ 05-11.12.2016


25.11.2016. «Қазақ әдебиеті»(№ 48, 3526) газетінде Институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. А.У. Тоқтабайдың көрнекті әскери қайраткер, Ресей әскеріндегі атты әскердің бірінші қазақ кадрлық генералыЖәңгір ханның ұлы Ғұбайдулла Шыңғысханға арналған «Ішінде көп жұлдыздың шолпанымыз» мақаласы жарияланды.

07.12.2016. М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп «Қазақстан жолы: 25 жыл бейбітшілікте және дамуда ұлт көшбасшысымен бірге»аттыҚазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияөткізді. Институт директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, профессор, т.ғ.д. Х.М. Әбжанов пленарлық мәжілісте «Елбасы Н. Назарбаев және Қазақстанның даму болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Конференция жұмысында Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., доцент Г.Н. Ксенжик«А. Бокейхан – историк казахского народа» баяндамасын және Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі А.И. Құдайбергенова «Демографическое развитие Независмого Казахстана» баяндамасын жиналған қауым назарына ұсынды.

08.12.2016. Қазақстан Республикасының Президенті архивінде «Қазақстанның жасампаздық және жетістік жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасында шетелдік депломатиялықөкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.Институт директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, профессор, т.ғ.д. Х.М. Әбжанов ««Мәңгілік ел» идеясы және тәуелсіз Қазақстан жолы» тақырыбында баяндама жасады.

08.12.2016. Институтта Назарбаев университетінің профессоры Александр Моррисонның «Современная англоязычная историография российского колониализма в Центральной Азии»тақырыбында семинары өтті.А. МоррисонОксфорд университетін үздік бағамен бітіріп, 2005 жылы осы университетте Рh.D дәрежесін сәтті қорғаған. Профессор Моррисон Орталық Азиядағы ресейдің отаршылдық саясаты тарихына маманданған, сонымен қатар Индия тарихын зерттейді әрі сабақ береді. «The Russian Conquest of Central Asia 1814-1907. A Study in Imperial Expansion» («1814 – 1907 жылдары Ресейдің Орталық Азияны отарлауы. Империялық экспансияны зерттеу), «Russian Rule in Samarkand 1868-1910. AComparisonwithBritishIndia» («1868 – 1910 жж.Самарқандтағы Ресейлік басқару. Британдық Индиямен салыстыру») монографияларының және «”Мы не англичане…” к вопросу об исключительности российского империализма», «Российские укрепленные поселения Райм и Верный. Графическая реконструкция» мақалаларының авторы.