Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ МҰРАТЫ


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жыл толуына орай Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 15 желтоқсанда IV-ші А. Нүсіпбеков оқулары аясында «Тәуелсіздік – Ұлы Дала елінің мұраты» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел модераторы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, т.ғ.д., «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасы Х.М. Әбжанов Тәуелсіздік тарихы мен «Мәңгі Ел» идеясының ұстанымдары мен маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті.
Дөңгелек үстел барысында Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра алғандығы, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырғандығы, толағай жетістіктерге қол жеткізгендігі, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуінің тарихи маңыздылығы жан-жақты талқыланып, осы аралықтағы қоғамдық ғылымдардың даму белесі де, ұлт тарихының «ақтаңдақтарын» ақтаудағы тарихшы-ғалымдардың рөлі де айтылды. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асырудағы еңбегі мен өткен жылдарға қорытынды-шолу жасалынып, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғаған белгілі тарихшылар, институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Тәуелсіздік шетел қазақтарының көзімен», т.ғ.к., жазушы Б. Қойшыбаев «Желтоқсан тарихы отаншылдық тәрбие бастауы», бөлім меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Қазақтардың бірігуі тәуелсіздік жемісі», Бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д. Ж.М. Төлебаева «Зарубежные рукописные фонды и их значение для изучения истории Казахстана», аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к. С.Ә. Асанова «Проблемы формирования казахской идентичности в условиях независимости», бөлім меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова «Ұлттық тарих: тәуелсіздік пен демократия тұғыры», магистр Р.Ж. Көбеев «О некоторых вопросах исламской идентичности в контексте советского нациестроительства в Центральной Азии» тақырыптарындағы баяндамаларын жиналған қауым назарына ұсынды. Сонымен қатар дөңгелек үстел жұмысына Институт магистранттары қатысып, өз ойларымен бөлісті.