Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Семинар бойынша есеп


26 қаңтарда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Жарияланымға журнал таңдау: импакт-факторы бар журналды қалай табуға болады және жосықсыз басылымдардан құтылу» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ мамандары А. Асылова және Г. Байқадыр өткізді. Семинар барысында «WebofScience» дерекқорымен жұмыс істеу, жарияланымға қолайлы басылымды таңдау, сонымен қатар зерттеушілер өз жарияланымдарын Researcher ID дерекқорына енгізу сияқты мәселелер түсіндірілді.