Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ШОЛУ


02-05.01.2017 ж.

Институт директоры, ҚР ҰҒА кор.мүшесі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов пен Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Ө. Қанай Қытай Халық Республикасына (Орталық ұлттар университеті, Бейжің қ.) іссапарға барды.

04.01.2017 ж. Халықаралық байланыс басқармасының директоры Жаң Иң (Zhang Ying) және Шет тілдер институты деканының бірінші орынбасары Жаң Намен іскерлік кездесу өтті. Келіссөз барысында Орталық ұлттар университеті мен Институт арасында ортақ ғылыми жобаларды дайындау мәселесі талқыланды. Орталық ұлттар университетінің өкілдері 2010 жылы жарық көрген бес томдық «История Қазахстана» академиялық басылымын Қытай тіліне аударуға рұқсат сұрады. Екі жақ алдағы уақытта бұл мәселені шешу үшін қосымша келіссөздер жүргізу туралы келісімге келді.

4.01.2017 ж. Этнология және социология институты деканының бірінші орынбасары Рен Гоьиң (Ren Guoying), Этнология және социология институты деканының орынбасары Дай Чыңьпиң (Dai Chengping), Археология факультетінің директоры Шяу Шяуьюң (Xiao Xiaoyong) және басқа да жауапты қызметкерлермен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Қытай жағымен 3 құжатқа қол қою үдерісі басталды: 1. Стратегиялық әріптестік келісімшарты (келісімшарт мәтіні жолданған); 2. Нақты ғылыми жобалар туралы келісімшарт. 1) Сақ мәдениетін зерттеу. 2) Ұлы Жібек жолының картографиясы мен түйе мәдениетін зерттеу. 3) Қытай мен Орталық Азияның XIII-XV ғасырлардағы өзара байланыстарын зерттеу; 3. Орталық ұлттар университетінің студенттерін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында тағылымдамадан өткізу.

4.01.2017 ж. Қоғамдық ғылымдар академиясыдағы Археология институты Шыңжаң орталығының директоры У Шиньхуа (Wu Xinhua), Қоғамдық ғылымдар академиясы Геология және геофизика институтының аға ғылыми қызметкері Таң Цыьхау (Tang Zihao) және Жібек жолы халықаралық мәдени байланыстар орталығының директоры Дуан Юеьхаумен (Duan Yue hao) кездесу өтті. Сонымен қатар болашақта бірлескен жобалар жасау туралы өзара пікір алмастырылды.

5.01.2017 ж. Этнология және социология институты деканының бірінші орынбасары Рін Гоьиң (Ren Guoying), Этнология және социология институты деканының орынбасары Дай Чыңьпиң (Dai Chengping), Археология факультетінің директоры Шяу Шяуьюң (Xiao Xiaoyong), Халықаралық байланыс басқармасының директоры Жаң Иң (Zhang Ying) және Халықаралық байланыс басқармасы Жобалар бөлімінің меңгерушісі Жин Яньвимен (Jin Yanyu) іскерлік кездесу барысында ғылыми зерттеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігі мен ортақ ғылыми жобалар егжей-тегжейлі талқыланды. Қытай жағы ортақ ғылыми жобалардың қаржыландыру мәселесін өз қолына алуға келісті. Сондай-ақ 2017 жылдың наурыз айынан бастап ортақ жобаларды іске қосуға уағдаласты.