Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТ ХАТ


Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ

«ӘДІЛЕТ» ТАРИХИ-АҒАРТУ ҚОҒАМЫ 

АҚПАРАТ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы 2017 ж. 02 наурызында «Алаш деп ғұмыр кешкен» аясында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай  «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағдыры» тақырыбына республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

  1. Алаш идеясы және қоғам.
  2. Алаш қозғалысының қайраткерлері.
  3. Қуғындалған алаштықтар.

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2017 жылдың 28 ақпанға дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко к., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 2616719, 2610133, 2724655

Факс: 8(727) 261-67-19

Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электронды адреске жіберуіңізге болады:

E-mail: kazhistory@bk.ru.

Өткізілетін орны: Абай проеспектісі, 14, ҚР Ұлттыұ кітапханасы, Н. Дәулетова ат. зал.

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 

Жетісудағы Алаш қозғалысы

Төленова З.М.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

            Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].

 

________________

 

1 Алаш қозғалысы/Движение алаш. (Ұжымдық құрастырушылар тобы. Құжаттар мен материалдар жинағы.. – Сборник документов и материалов).1901-1917.  І том./ Алматы. Алаш -2004.- 552 б;

2 Алаш салған жол // Алматы ақшамы. – 2003. – 10 желтоқсан.

3 Алашшыл азаматтар (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2016.)