Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

2017 жыл 2 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ғылыми кеңесінің мәжілісі өтті.


Мәжілісте Институт директорының есебі және өзге де мәселелер тыңдалды. 

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры м.а., т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов өзінің жылдық есебінде мынадай басты мәселелерге тоқталды:

2016 ж. соңында Институттың ғылыми құрамында 10 ғылым докторлары, 9 кандидат, 1 Ph.D доктор және 11 магистр бар. Өткен жылы ғылыми қызметкерлер келесідей жобалар бойынша зерттеулер жүргізді:

1. Гранттық қаржыландыру жобалары (2015-2017 жж.) – 2 тақырып:

– «Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан және іргелес өңірлер тарихы саяси билік институты». Жетекшісі – К.Ө. Торланбаева;

– «Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу (компьютерлендірілген талдау және мәліметтер базасын құру)». Жетекшісі – Г.С. Жүгенбаева.

2. «Халық – тарих толқынында» (2014-2016 жж.) бағдарламасы аясындағы жобалар – 8 тақырып:

– «Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы кезеңінде. 1941-1945 жж.». Жетекшісі – Қ.С. Алдажұманов;

– «Қазақтар және түркі-мұсылмандық әлем: әлеуметтік-саяси және этномәдени байланыстар (ХІХ ғасырдың екінші жартысы-ХХ ғасырдың басы)». Жетекшісі – С.К. Рүстемов;

– «Кеңестік кезеңге дейінгі қазақ халқының этнографиялық деректері: аннотацияланған библиографиялық көрсеткіш құрастуру». Жетекшісі – С.Е. Әжіғали;

– «Қазақстан түркі халықтары: тарихи-демографиялық талдау (ХІХ ғасырдың соңы-ХХІ басы)». Жетекшісі – А.И. Құдайбергенова;

– «Е-history.kz веб-порталындағы «Қазақстан тарихы» электрондық ғылыми интернет-журналы».  Жетекшісі – Х.М. Әбжанов;

– «Қазақстанға қатысты шетелдік жаңа тарихи материалдарды іздестіру». Жетекшісі – Н.Ә. Атығаев;

– «Қазақстан мемлекеттілігі тарихы (Отан тарихы/Отечественная история) 10 томдық (20 кітап)». Жетекшісі – Х.М. Әбжанов;

– «Халық және мемлекет Қазақстанның кейінгі орта ғасырлар тарихында: Алтын Орда, Ақ-Орда, Қазақ хандығы. Деректанулық-тарихнамалық зерттеу». Жетекшісі – К.З. Өскенбай.

Институттың 2016 ж. ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысын мынадай сандық көрсеткіш бойынша айтуға болады:

1. Монографиялар – 3;

2. Жинақтар – 3;

3. Ғылыми мақалалар – 69;

4. Шетелдік жарияланымдар – 23;

5. Шетелдік рейтингісі жоғары журналдардағы ғылыми мақалалар (импакт-фактор) – 7;

6. Халықаралық ғылыми баяндамалар мен хабарламалар – 24;

7. Республикалық ғылыми баяндамалар мен хабарламалар – 14;

8. Дөңгелек үстелде сөз сөйлегендер – 50;

9. БАҚ-та сөз сөйлегендер – 68;

Осылайша Институттың 2016 жылғы ғылыми жарияланымдары мен баяндамаларының саны 261. Бұдан байқайтынымыз, барлық көрсеткіштер бойынша біз алдыңғы жылдарға қарағанда біршама төмендеп отырмыз, бұның басты себебі қаржыландыру мерзімінің, сондай-ақ қаржы көлемінің қысқартылуына тікелей байланысты болып отыр.

Дегенмен алдыңғы жылдарға қарағанда нөлдік емес импакт-факторлық, халықаралық  Scopus комапаниясының дерекқорларындағы индексацияланатын басылымдардағы ғылыми жарияланымдардың саны өсті. Осыған орай Әбжанов Х.М., Смағұлова С.О., Төлебаева Ж.М., Уалтаева А.С. және Құрманалина Н.Н. секілді авторларға алғыс айта кеткенді жөн көріп отырмын.

Қаржылық қиындықтарға қарамастан Институт өзінің ақпараттық қызметін және ғылыми ізденістер нәтижелерін жалғастыруда. Мысалға өткен жылы 2 халықаралық конференция, 6 республикалық конференция, 9 дөңгелек үстел, 5 методологиялық семинар, 3 тұсау кесер және көрмелер өткізілді.

Институттың баспа қызметіне келер болсақ, біздің ҒЗИ әр тоқсан сайын «Отан тарихы» журналының кезекті санында, 4 тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде мақалалар шығарылып отырады. 2016 жылы: № 1 – 19 мақала (12 – қазақ тілінде, 6 – орыс тілінде, 1 – ағылшын тілінде); № 2 –  15 мақала (7 – қазақ тілінде, 7 – орыс тілінде, 1 – ағылшын тілінде); № 3 – 20 мақала (10  – қазақ тілінде, 9 – орыс тілінде, 1 – ағылшын тілінде); № 4 – 20 мақала (12 – қазақ тілінде, 8 – орыс тілінде). Бір жылда барлығы – 74 мақала жарияланды.

2014 жылы Институт Қазақстандағы тұңғыш ғылыми-электрондық «Е-history.kz» журналының құрылтайшысы болды. Оған жауапты институт қызметкерлері журналдың мемлекеттік тіркелуі, веб-механизмін дайындау және контентті толықтыру бағытында үнемі жұмыс істеп келеді. Журнал арнайы БАҚ құралы ретінде мемлекеттік тіркеуге алынған. 2016 жылы журналдың 4 саны жарық көріп, онда: №1(05) – 34 мақала, оның ішінде қазақ тілінде – 19, орыс тілінде – 13, ағылшын тілінде –2; № 2(06) – 33 мақала, оның ішінде қазақ тілінде – 17, орыс тілінде – 15, ағылшын тілінде –1; № 3(07) – 22, қазақ тілінде – 13, орыс тілінде – 6, ағылшын тілінде –3, түрік тілінде – 2; №4 (08) – 34 мақала, оның ішінде қазақ тілінде – 18, орыс тілінде – 11, ағылшын тілінде – 5. Барлығы 2016 жылы – 123 мақала.

2016 жылы біздің институт халықаралық ғылыми байланыстарды даму және нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастырды. Мысалға, Ресей, ҚХР, Шыңжаң, Қырғызстан, Түркия ғылыми орталықтары және ЖОО, ғылыми-ағарту және мәдениет мекемелерімен байланыстарын нығайтты және екі жақты ғылыми келісімшарттар бойынша жұмыстар жалғасын тапты.

Институт қызметкерлерінің ғылыми жетістіктері шетелде жақсы танымал, оған шетелдік ғылыми журналдардың редакциялық кеңестері мен алқаларында, және халықаралық ұйымдарға мүшелікке қабылданғандары дәлел:

  1. Қ.З. Өскенбай – Ш. Марджани атындағы Тарих институты жанынан шығатын «Золотоординское обозрение» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі (Қазан қ., Татарстан, РФ);
  2.  С.Е. Әжіғали –  халықаралық Шығыс елдері сәулет академиясының мүше-корреспонденті  (Баку,  Әзербайжан).

2016 жылы Институт Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚызПУ, Ғылым ордасы секілді отандық ұйымдармен, ғылыми-ағарту мекемелер және қоғамдармен бірлескен бірнеше ғылыми іс-шаралар өткізді. Сондай-ақ, Ақтөбе, Астана, Петропавл қалаларында да осындай шаралар өтті. Біздің институт қызметкерлері дис.кеңестердің мүшелері болып табылады. 2016 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда МУ-мен де екі келісімге қол қойылды.

Өткен жылы ғылыми-зерттеу жобалары және «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында институт қызметкерлері ғылыми іссапарларда болды (2014-2016 жж.).

Институт қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мәселелеріне де тоқталып өтсек, 2016 жылы 27 адам әр түрлі семинарлар мен тренингтерге қатысты. Қазіргі таңда бізде 7 докторант, оның үшеуі институт қызметкерлері және 14 магистрант дайындалуда.

Биылғы жылы докторантураға орынның көбірек бөлінуін сұрамақпыз. Егер оған қол жеткізсек, біздің жас ғалымдар докторантураға түскенге мүмкіндік алар еді.

Қорытындыда материалдық салаға да тоқтала кетсек, өкінішке орай 2016 жылы қаржыландыру мәселесінің толық шешілмеуіне байланысты ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық ахуалын 2012-2014 жылдардағыдай көтеруге мүмкіндік болмады. Дегенмен бірнеше техникалық жабдықтарды жаңартуға және алуға мүмкіндік болды.

Сөз соңында директордың жылдық қорытынды есебі бойынша институт қызметкерлері тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, оларға нақтылы жауаптар берілді.