Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу 30.01.-05.02.2017 ж.


25.01.2017 ж. Институттың 3 курс PhD докторанттары мамандық бойынша кешенді емтихан тапсырды.

26.01.2017 ж. Институттың аға ғылыми қызметкері А.С. Уалтаева Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі мәжілісінің «Повышение конкурентоспособности и экспортного потенциала образовательных программ университетов» атты 47-ші халықаралық конференциясына қатысты. Конференция Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтіп, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 79-ншы позициясын орындауға арналған.

28.01.2017 ж. Институт қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің ҚР ҰҒА ғалымдарымен кездесуіне қатысты.

02.02.2017 ж. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Мәжәліс барысында келесі мәселелер талқыланды:

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы мен үндеуі жайлы (директор Х.М. Әбжанов); Институт директорының 2016 жылға жылдық есебі (директор Х.М. Әбжанов); 2017 жылға Институт жұмысының жоспарын бекіту (директор орынбасары Н.А. Атығаев, С.О. Смағұлова); ТЭИ бөлімдері жұмысының жоспарын бекіту (бөлім меңгерушілері); Институт Ғылыми кеңесінің құрамын қайта сайлау (директор Х.М. Әбжанов) т.б.

02.02.2017 ж. 2017 жылдың 2-ші ақпанында Еуразия ғылыми зерттеу институтында Әлеуметтік және мәдени салалары бойынша ғылыми-зерттеу тобы аясында «Оралмандардың мәдени және экономикалық әлеуеті» атты семинары өтті. Семинарды Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Дәулет Жайлыбаев өткізіп, Қазақстанға келген оралмандардың қазақ этномәдениетін жандандыруға және ғылым мен мәдениет саласына әсерін, экономикалық тұрғыдан оралмандардың жаңа инновациялық технологияларды игеруі, жаңа сауда қатынастардың түрлерін меңгеруі, қызмет көрсету және бизнес салаларындағы мүмкіншіліктерін, сонымен қатар оралмандардың мәдени және экономикалық ықпалының келешегін қарастырды.

03.02. 2017 ж. «Казахстанская правда» газетінің 2017 ж. 3 ақпандағы № 23 (28402) санында Ұлттық ғылым академиясы төралқасының кеңейтілген мәжілісінде «Демократиялық даму жолындағы Қазақстан» саяси билікті реформалауды талқылау жөніндегі есебі жарияланды. Есепте Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Х.М. Әбжановтың ҚР Конституциясы преамбуласына «Мәнгілік Ел» идеясы жайлы сөз қосу, сонымен қатар билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу және қазақстандық қоғамды демократияландыру жайлы ұсыныстары келтірілген.

03.02.2017 г. «Қазақ әдебиеті» газетінің 2017 ж. 3-9 ақпан аралығындағы 4 (3534) санында Институттың PhD докторанты Р.Е. Оразовтың Ресей империясының 1917 ж. Ақпан және Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан оқиғаларына арналған «Ақпан мен қазан арасы» мақаласы жарық көрді.

04.02.2017. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов ҚР Парламенті депутаттарымен ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауын талқылауға арналған кездесуге қатысты. Кездесу «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Достық үйінде өтті.