Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жас ғалымдар кеңесі


Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған

Үндеуіне қатысты

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ ТАРИХИ-ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАРЫ: ЖАҢА МҮМКІНШІЛІКТЕР»

атты Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жастар кеңесінің дөңгелек үстелі

2017 жылғы 15 ақпанда Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Үндеуіне қатысты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жастар кеңесі дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына институттың жас ғалымдары, докторанттар мен магистранттар қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Дөңгелек үстелде:

– Конституциялық реформалар және демократиялық өзгерістер;

– Елбасы Үндеуінің «Мәңгідік Ел» идеясының негізгі кепілі ретіндегі модернизациялық үрдістер;

– Конституциялық өзгерістердің биліктегі құзыреттердің ауысуы мен кейбір баптардағы өзгерістерге, олардың қызметі мен келешегіне кеңінен тоқталып талқыланды.

Дөңгелек үстел модераторы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, Жастар кеңесінің төрағасы Жүнісбаев А.Ә. болды. Кіріспе сөзді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Атығаев Н.Ә. ашып, Елбасы Үндеуі мен Конституциялық реформаларға қатысты өз пікірін білдірді.

Өз пікірлерін ортаға салған  институттың ғылыми қызметкері, Бұрханов Б.Б «Жаңа серпін – жаңа үрдіс: конституциялық реформалар және демократиялық өзгерістер», ғылыми қызметкер Д.Ж. Жайлыбаев «Конституциялық өзгерістердегі демократиялық бастаулар «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі тірегі», докторант Мырзақожаев Қ. «Модернизацияның жаһандық тәжірибесі» баяндамаларында Елбасы Үндеуіндегі негізгі түйіткілді мәселер қаралды. Соның ішінде негізгі басымдықтарға жеке тоқталып, экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің жаңа жаңғыру алдында тұрғандығы көрсетілді. Сонымен қатар, конституциялық өзгерістердегі демократиялық үрдістердің бір жолға қойыла бастауы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруіне мол мүмкіншілік беретіндігі сөз етілді.

Еркін микрофон барысында Жастар кеңесінің мүшелері мен магистрант, докторанттар Елбасы Үндеуіне қолдау білідіріп, конституциялық реформаларға байланысты өз пікірлерін білдірді. Соның ішінде 26-баптың бірінші тармағы өзгерусіз қалуын қолдайтындықтарын жеткізді.