Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ғалыммен кездесу


20 ақпанда институтымызға жапон ғалымы, тарихшы Уяма Томохико келіп кетті. Институт директоры Ханкелді Әбжанов бастаған бірнеше ғалымдар мен институттың докторанттары ғалыммен сұхбаттасып, өзінің ғылыми зерттеулері туралы ой бөлісті. Ғалымды Қазақстанның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдағы тарихы аса қызықтырады екен. Әсіресе ХХ ғасыр басында қалыптасқан қазақ интеллигенциясының тарихы, олардың қазақ қоғамын өзгертудегі қызметі, Алаш қозғалысын зерттеу қазіргі таңда басты нысанға айналып отыр. Ғылыми еңбек жолын М. Дулатовтың «Оян, қазағын» зерттеуден бастаған ғалым қазірде Қазақстанға кең танымал болып отыр.

Институт директоры Х. Әбжанов ғалымды институттың тарихымен, тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті және оған институттан шыққан С. Асфендияровтың төрт томдық шығармалар жинағы мен алаштанушы ғалым К. Нұрпейістің соңғы шыққан шығармалар  жинағын тарту етті.