Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

26.05.2017 ж. Институт директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы С.О. Смағұлова


26.05.2017 ж. Институт директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы С.О. Смағұлова Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Д.И. Салқынбектің ұйымдастыруымен және сол кафедраның оқытушылары, т.ғ.д. К. Шатыбекова, т.ғ.д. Ғ. Сармурзина, т.ғ.к. Т. Тұмабаевтың, сондай-ақ  студенттерімен, қызметкерлерімен кездесіп, қуғын-сүргін нәубетінің 80 жылдығына орай «ХХ ғ. 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы қуғын-сүргін нәубеті» тақырыбында дәріс (лекция) жүргізді. Дәріс барысында Қазақстанда  жүргізілген қуғын-сүргін барысы, кезеңдері, қуғындалған ұлт зиялылары, олардың тағдырлары жайында қатысушылармен ой бөлісті. Қойылған сұрақтарға, ұсынымдарға жауап беріп, қуғын-сүргін зардабын алдағы уақытта зерттеудің  маңыздылығына тоқталды.